«Жан сөзі». Өзін-өзі тану, 6-шы класс.
Өмір-теңіз, жоқ оның түбі, шеті,
Сылық-сылық күлген сиқырлы толқын беті.
Осы өмірге кіргелі көп күн болды,
Енді бір ай-толады жиырма жеті.
«Жел бол!»-дедің, жел болып еспедім бе?
Уақыт талғап,ерте я кеш дедім бе?
Желдей жынды есалаң екпінді боп,
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!
Осы өмірге кіргелі көп күн болды, енді бір ай - толады жиырма жеті.
«От бол!»-дедің,от болып жанбадым ба?
Күйдірмей,сірә,нәрсе талғадым ба?
Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым.
Мынау «күл»,мынау «гүл» деп таңдадым ба?!
Мен жоқ едім, бар қылып анам тапты,
Содан бері күн талай шықты, батты.
Ес біргелі алыстым өмірменен,
Өмір-теңыз толқыны тым көп қақты.
«Су бол!»-дедің, сылдырап ақпадым ба?
Жыландай жүз бұралып жатпадым ба?
Ерікті-еріксіз суымнан татар жанды
Сиқырлап сылдырменен таппадым ба?
Мен туғалы ағарып көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ес білгелі алыстым жүрекпенен,
Ырық бермеді, қаңғыды, ол не тапты?
«Күн бол!»-дедің, мен күндей кұлмедім бе?
Күннен де астым мен кұндіз-түн дедім бе?
Күн тәкәппар. Мен көппен құшақтастым,
Бұл ісімді күндікке мін дедім бе?
Ессіз жүрек тулады ,бермеді ырық,
Ақыл сорлы ере алмай қалды тұрып.
Ессыз жүрек,бөгелші бір азырақ,
Отыз тұр ғой үңіліп,арты-қырық.
«Сұлулықтың асығы-жыршы!»-дер ме?
«Жүректің сырын шешер сыршы!»-дер ме?
Не қуаныш, не қайғы басқан күнде
Басыма келіп:«Ақын,тұршы!»-дер ме?
Әміріңді екі қылмай орындадым,
Есімде отқа,суға ұрынғаным.
Өтті жылдар, жапанда жалғыз қаппын,
Өмірімді осынша улап, не қылғаның?!
1-сұрақ. Мәтіндегі «жүректің сырын шешер сыршы» - дер ме?» деген ойды қалай түсінесіңдер?
2-сұрақ. Ақын өлеңіндегі астарлы ой мен құнарлы сөз тіркестерінен қандай ізгі қасиетті байқадыңдар?
3-сұрақ. «Күн бол!» - дедің, мен Күндей күлмедім бе?» деген тармақты тарқатып айтып беріңдер.
4-сұрақ. Адамның жаны сұлу болу үшін оның бойында қандай қасиеттер болуы керек екен?
5-сұрақ. Рухани-адамгершілікке талпыну адам бойына қандай ізгі қасиеттерді дарытады деп ойлайсы !
133
142
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
сауле4917.05.2022 15:07
-
kataysinkevich20.10.2022 22:38
-
Ivan32615435311.09.2021 19:02
-
Kamila2803200113.04.2022 03:44
-
SeViK0219.04.2022 04:59
-
Torior04.08.2020 05:17
-
wellbiss05.08.2022 18:03
-
fylkis10.08.2020 16:02
-
Ника625822723.01.2022 08:44
-
anastasia457101.04.2022 14:33
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.