leo24242
16.05.2023 21:04
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

1.Бір күні көп қоқыс табылды. 2. Адамдар қоқысқа толтырды.
3. Өзенайналды.

143
213
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

rororo5209
4,7(20 оценок)

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы:Толықтауыш

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік — тақырыптың мазмұнын меңгерте отырып, толықтауыштың өзіне тән белгілерін, түрлерін таныту;

ә) дамытушылық — шығармашылық белсенділігін арттыру, жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, іздену қабілеттерін дамыту;

б) тәрбиелік – оқушыларды бірін-бірі тыңдап,сыйлай білуге,берілген тапсырмалар арқылы адамгершілікке,отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кесте,слайд

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Сыныпты және оқу құралдарын түгендеу.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Сабақта бүгін кім жоқ?

-Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.

«Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру.

«Мықты болсаң, тауып көр» - Бастауыш пен баяндауыштың ережесі.

«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылады?

«Алғыр болсаң, алып көр» - Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаға байланысты мысалдар келтір.

«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Бес жерде бес-жиырма бес.Сызықшаның қойылу себебі?

«Ойлы болсаң, озып көр» - Бастауыш та баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болғанда сызықша қойылады.Соған мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ слайд арқылы түсіндіріледі,оқулық арқылы ережені оқиды.

Қызығушылықты ояту.

Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта, жариялау)

Қу бұтақта дән жоқ,

Қысыр сөзде мән жоқ.

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.Берілген мақалдардағы асты сызылған сөздерге сұрақ қойындар.

Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекетті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.

Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі. Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:

1. Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.

2. толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді. (көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі)

3. сұраулары аталған септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.

4. Байланысу түрі –меңгеру, жанасу. (ереже шығартылады)

Толықтауыш құрылысына қарай дара,күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар)

Жанама толықтауыштар

Барыс септігінде

Жатыс септігінде

Шығыс септігінде

Көмектес септігінде

Кімге?неге?

Кімде?Неде?

Кімнен?Неден?

Кіммен?Немен?

Күресуге дәрмен жоқ.

Халықта жер бар.

Күштіден істі озды.

IV.Сабақта орындалатын тапсырмалар:

Топпен жұмыс жасау

1-тапсырма:

Берілген мәтіннен толықтауыштарды тауып,астын сызындар.

Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт тарабын түгел кезді.Толқындар жабуды бүлк-бүлк көтеріп,суға батырмайды.Аң да,құс та,адам да толқындардың үстінде қобызын аңыратқан Қорқыттың күйін тыңдайды.Әсем құстар қоршаған Қорқыт өз әндерінің бірін соларға арнайды.Өте әдемі осы күй сазын халық «Аққу» деп атап кеткен.

Жаттығудың орындалу барысы:

Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт тарабын түгел кезді.Толқындар жабуды бүлк-бүлк көтеріп,суға батырмайды.Аң да,құс та,адам да толқындардың үстінде қобызын аңыратқан Қорқыттың күйін тыңдайды.Әсем құстар қоршаған Қорқыт өз әндерінің бірін соларға арнайды.Өте әдемі осы күй сазын халық «Аққу» деп атап кеткен.

2-тапсырма:

Кім көп біледі?соны анықтау үшін 2топқа бөлініп мақал-мәтелдердегі бос орындарды толықтауышпен толықтыру керек.

1-топтың тапсырмасы:

1. Қорқаққорқады.

2. шыққан сөз,

болсын кез.

3. Өтірік сөз ... ба

4. пәле

2-топтың тапсырмасы:

1.Сөз қолқа жоқ

2.Аяғы жаман былғар,

Аузы жаман былғар

3.Жақсы сөз ... рахат,

Жаман сөз... жарақат.

4 шым тоқтатар.

шын тоқтатар.

Тапсырманың орындалу барысы:

1-топтың тапсырмасы:

1. Қорқақ көлеңкесінен қорқады.

2. Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

3. Өтірік сөз өрге ба

4. Басқа пәле тілден.

2-топтың тапсырмасы

1.Сөз тапқанға қолқа жоқ

2.Аяғы жаман төрді былғар,

Аузы жаман елді былғар

3.Жақсы сөз жанға рахат,

Жаман сөз жанға жарақат.

4.Суды шым тоқтатар.

Сөзді шын тоқтатар.

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS