Есть ответ 👍

Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта. 1. Кез келген адамда қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...

2. Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...

3. Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...

Шартты бағыныңқы сабақтас: Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.

Қарсылықты салалас: Ғалым болу - міндет емес, білімді болу - парызың.

Мақсат бағыныңқы сабақтас: Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.

Себеп-салдар салалас: Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас: Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы.

«Ой жалғау» сатысы

І. Қайталау – білім анасы,

ІІ. Талдау – табыс кілті,

І. Қайталау – білім анасы.

Шарты: Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас сөйлем түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.

2. «Графикалық сызба» бойынша мағыналық түрлерін анықта.

Құрмалас сөйлемнің түрі

Мағыналық түрі

Жасалу жолы

1. Салалас құрмалас сөйлемдер:

Түсіндірмелі салалас:

Адамды екі нәрсе қартайпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.

Қарсылықты салалас: Көз – қорқақ, қол – батыр.

Себеп-салдар саласа: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

Ыңғайлас салалас: Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра

Талғаулы салалас:Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер:

Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес (шартты бағыныңқы сабақтас)

Тұрмысың жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.(мақсат бағыныңқы)

Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол. (қарсылықты бағыныңқы)

Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас.)

Адам болып туғандықтан, адамдықты бағала. (Себеп бағыныңқы сабақтас)

Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. (Қимыл- сын бағыныңқы сабақтас).

«Кім жылдам?» Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).

Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты)

Абай шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді. (мезгіл) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. (себеп) Бетінен оты шықса да , Құнанбайдың сөзіне көнбесіне Тәкежанның шарасы болмады. (қарсылықты) Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды. (мақсат) Ошаққа аққайыңның қабығын салмайынша, қазандағы ет көп қайнаусырайды. (шартты)

ІІ. Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.

Синтаксистік талдау:

1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

2. Сөйлемдегі мүшесі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

3. Құрылысына қарай : жай сөйлем (жалаң,жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы); құрмалас (салалас, сабақтас, аралас, )

4. Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі, жасалу жолы.

5. Сөз тіркестері: тұрақты, еркін.

6. Сөздердің байланысу түрі:(қиысу, меңгеру, матасу, жанасу, қабысу

7. Байланысу тәсілі: интонация, жалғаулар, шылау, орын тәртібі)

199
293
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

rodionmihailof
4,6(53 оценок)

вот ответ


5. Аспалы бақтың шын мәнінде болған-болмағаны әлі күнге дейін талас тудыруда. Өздерің ақпарат жинап,

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS