Ответы на вопрос:
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. ЫВ ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. ЫЫЫ ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. ЫЫЫ ғасырдан б. з. В ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. ЫВ ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
fortunazanna22.03.2023 22:17
-
danilaandriyanov30.09.2020 02:44
-
Lraaq07.07.2021 04:56
-
nata52418.01.2023 02:23
-
лошжо30.01.2023 22:34
-
Natali2017101.06.2021 09:15
-
dxkuznecov20.03.2020 03:23
-
ХУХ0000131.12.2022 17:22
-
kblaginin6gmailm16.09.2021 21:06
-
абвгдежзи777717.07.2022 09:26
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.