Жаңа сабақ 1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Іс қағаздарының біреуін таңдап алып, жазып шығыңыз.
Ресми іс қағаздар тілі
Іс қағаздары дегеніміз – ресми құжат. Латынша «дәлелдеу» дегенді білдіреді. Құжат – бір нәрсеге дәлел бола алатын, белгілі бір нәрсенің құқығын растайтын, заңды күші бар іскерлік қағаз.
Іс қағаздарының түрлері:
1. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздары: мінездеме, нұсқау, кепілдеме, ресми хаттар, кеден мағлұмдамасы, жеделхат, жарнама, қолхат, хабарландыру, сенімхат, кепілхат, өтініш, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі.
2. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары: Өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит-кард, өтініш,
3. Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары: заң, үкім, өкім, жарғы, жарлық, ереже. хабарлама, бұйрық.
Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар Қызметтік құжаттар ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хатты жазғанда марапаттау, мадақтау, дөрекі сөздерді жазуға болмайды. «тез арада орындаңыз. Кешіктірмеңіз » деген сөздерді қолданбаңыз. Өз ойыңызды, белгілі бір күнді көрсетіп, «Сіздің шешіміңізді күтеміз» деген сөздерді жазыңыз. Өз өтініш-тілектеріңізді орынды жеткізе біліңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдануда адамгершілік танытыңыз. Сіздің хатыңыз мазмұнды, айқын болуы тиіс. Бұл әсіресе қаржы, кадр мәселесінде маңызды. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, диалект, архаизмдер, қазіргі қолданыстан шығып қалған сөздерді қолдануға болмайды.
Іс қағаздарын қалай топтастыруға болады?
Ресми жазба құжаттардың 3 ерекшелігін атаңыз.
Іс қағаздар тілінде нелер қолданылмайды?
Іс қағаздарының қандай жағдайда жазылатынын, мазмұндыққұрылымдық жүйесін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.
2. Өмірбаянда адамның аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты, білімі, оқыған оқу орындары, қоғамдық-саяси қызметі, ата-анасы, жұбайы, балалары туралы, қазіргі жұмысы, мекен-жайы туралы айтылады. Өмірбаян қызметке орналасу кезінде оқу орнына түсерде жазылады.
Түйіндемеде аты-жөні, туған жылы, күні, айы, туған жері, ұлты, жынысы, мекен-жайы, телефоны, отбасы жағдайы, азаматтығы, білімі, бітірген, оқу орындары, кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі, тілдік дағдылары, компьютерлік сауаттылығы, жеке қасиеттері - қызығушылығы туралы мәлімет, қосымша ақпараттар жазылады. Өз өмірбаяны мен жұмыс тәжірибесінің, мамандығының икемділігін ұтымы көрсете отырып, ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу мақсатын көздейді.
Мінездеме. Тақырыбы, мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет, негізгі мәтін, қорытынды, мінездемені талап етуші ұйымның аты, мінездеме берілген күн, ай, жыл, мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы, қосымша (егер болса), мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Өтініш. Мекеменің толық аты, басшының қызметі, атағы, аты-жөні, құжат аты, мазмұны, жазылу мерзімі, қолы, өтініш берушінің аты-жөні, кейде мекенжайы жазылады. Жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.
Сенімхат. Өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір адамға берерде жазылады. Құжат атауы,күні, айы, жылы, мекенжайы, сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі), сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі), алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі), қайтарылатын нақты уақыты, қайтара алмаған жағдайдағы шарты, нотариалдық мекеме мөрі.
2-тапсырма. Ісқағаздары, оның түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз кестені толтырыңыз.
Құжаттың аты Мазмұндық-құрылымдық жүйесі Қандай жағдайда жазылады?
Өмірбаян
Түйіндеме
Мінездеме .
Өтініш
Сенімхат
Үй жұмысы: Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
135
140
Ответы на вопрос:
Қонақжай халық. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақ күту – қазақтың ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Халқымызда «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. бұл сөздің мағынасы өте терең. Ата-бабаларымыз «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, қашып кетеді» деп ырымдаған.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
yroslav12020612.01.2023 03:12
-
коу00705.04.2022 16:04
-
hyrshkananastasiya14.08.2022 21:42
-
elinanagimova19.11.2020 22:32
-
bogdan34571020.03.2020 00:40
-
Роли523.01.2022 13:24
-
Polinaovch18.09.2021 04:14
-
МАРИЯpahal24.06.2022 05:48
-
marinabelousov204.06.2023 21:39
-
FfffdZb06.09.2020 07:06
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.