Есть ответ 👍

Аспаз - ас әзірлеумен айналысатын мамандық иесі. Сорпа, екінші тағам, өзге де тағамдарды пісіреді. Азық-түліктерді қалай сақтау керек екенін біледі, әртүрлі тамақ түрлерін рецепт бойынша дайы дайды, сондай-ақ дайын тағамды көркемдей алады. Азық- түлік өнімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес сақтауды басқарады. Ғимарат ішінде, жоғары температура жағдайында жұмыс жасайды. Аспаз мамандығы адам өмірінде ең маңыздысы болып саналады. Аспаз өнері адамға өзінің денсаулығын нығайтуға, кейбір өнімдердің дәмдік сапасымен рақаттануға көмектеседі. Дұрыс әзірленген тамақ - адамның жақсы көңіл-күйінің кепілдігі, өйткені тамақ адамның дене құрылымына барады, оны қуатпен және қажетті нәрлі заттармен жабдықтайды. Аспаз мамандығы қандайда болмасын салада жұмыс істейді. Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет: перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис пен сәулетті мейманханада.

Адамдар асханаға, дәмханаға, мейрамханаға түскі асқа, демалуға, уақытын қызық өткізуге, отбасы мерекелері мен мерейтойларын өткізуге келеді. Дәмді тағам дайындау, оған көзге тартымды сипат, дәм түйсігі үйлесімін, хош иіс композициясын беру бұл өнер, рақаттану мүмкіншілігін беру. Мұндай тағамды дайындау үшін тек белгілі бір тамақ өнімдері ғана емес, дарынды аспаз қажет.

Аспаз мамандығы артықшылығының бірі өте сұранысты және тұрақты табысы табу мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар мансапқа жету мүмкіндігі бар, аспаздың көмекшісінен беделді орында жұмыс істейтін бас аспаз болып өсуі мүмкін.

Кондитер кондитерлік өнімдер, десерттерді және басқа да пісірілген тағамдарды дайындайтын кәсіби аспаз. Бұл кәсіптің өкілдерін үлкен қонақ үйлерде, мейманханаларда және наубайханаларда көруге болады. Кондитерлік өнімдерді сатумен айналысатын адамдарды кондитер деп селдір айтады. Кондитер алдын ала тағайындалған рецептура бойынша әр түрлі қамырлар, салындылар, кремдер дайындаумен, өнімдерді пісіру және безендірумен айналысады. Бұл жоғары сапалы, дәмі және иісі әр түрлі тамақ өнімдері. Жұмыстың көп бөлігі арнайы құралдардың көмегімен қолмен орындалады, кондитердің кәсібін өнерге айналдырады. Жұмыс орны: мейманхана, дәмхана, асхана, комбинаттар және кондитер фабрикалары. Кондитерге қойылатын талаптар: дәмін ұмытпау, шығармашылық қиялы, дәм және иіс сезу қабілеті күшті болуы керек. Тамақ өнімдерін және оның құрамын жақсы білуге.

Официант - мейманхана және дәмхананың қызметкері, оның міндетіне келушілерге қызмет көрсету жатады. Официант қонақтарды қарсы алады, тапсырымдар қабылдайды, тағамдар мен оның құрамдары туралы айтады, соусы, тандауға көмектеседі, келушілердің алдында дастархан жаяды және олардан соң үстел жинайды, шот әкеледі және төлем ақысын алады. Бүгінгі күні ас және мерекелік дастархан мәдениеті қайта өркендеуі байқалады, заман талабына сай келетін асхана ыдыс-аяқтары жетілдірілуде және жасалуда. Дастархан басында өзін-өзі ұстаудың классикалық ережесі қайрадан модаға енуде, тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету сапасынақойылатын талаптар артты. Қызмет көрсету саласының қызметкері ретінде официантқа талаптар қойылады. Арнайы дайындықтан басқа официанттың денсаулығы мықты болуы керек, көру және есту қабілеті зор, төзімді, келбетті және өте жақсы реакциясы болуы қажет. Официант еңбегінің ерекшелігі - күнделікті әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста болуы оның келушілермен тіл таба білу, яғни дипломат, актер және психолог болуын талап етеді. Тапқырлық, ерекше жағдайларда лезде жөн табу осы мамандықтың адамдарына тән болуы керек.

288
473
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

alobatsevi4
4,6(56 оценок)

мине керемет!

Объяснение:

себеби мине кереметтен кейн ол озинин калай армандаганы туралы театрга келгиси келгенин айтып тур

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS