Мысал үлгілері мен қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
[7]
1-мәтін.
Спортқа жаны құмар Марат ұстазы Қанат Саматұлынан олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы сұрады.
– Ұстаз, Жақсылық ағамыздың 1981 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткені рас па?
– Әрине. Жақсылық Үшкемпіров қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, оның есімін мақтанышпен айта аламыз.
– Керемет! Сонда неше жасында чемпион болып тұр? Мен білмейм екен.
– 1981 жылғы әлем чемпионатында барып, отыз жасында чемпион атанды. Ағамыздың табандылығын, күш-қайратын үлгі етуге болады.
– Кімдермен күш сынасқаны туралы айтасыз ба?
– Оған румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді жеңу оңайға түспеді. Өзінің шеберлігінің арқасында жеңіске жетті, сондықтан осындай ел мақтаныштарын ұмытпауымыз керек. Марат, сен өзің қосымша ізденіп оқысаң, ағаң туралы көп ақпарат аласың.
– Түсіндім, Қанат Саматұлы. Мен үшін тың ақпараттарды айтып, қызығушылығымды арттырдыңыз. Менің де Жақсылық аға сияқты ел мақтанышы болғым келеді. Өзім ізденіп оқимын. Рақмет. Сау болыңыз.
– Сау болыңыз. Сәттілік, болашақ чемпион.
2-мәтін.
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын.
Ж.Үшкемпіров бар күш-жігерін Москвада өтетін олимпиадаға қатысуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен 4 адам кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж.Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақсылық бірінші айқасқа ең күшті әлемнің екі дүркін чемпионы румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәтте де оны қолдап, көңілін көтерген Валерий Ризанцев пен Вадим Александрович Псаревтар болды. Олимпиада күндері Ж.Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсыластары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайшы қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы болды.
(https://alashainasy.kz, өңделген)
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Мазмұны
Тілдік қолданысы
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
2. Мәтіндерден 2 негізгі, 2 қосымша, 2 детальді ақпарат жазыңыз
Негізгі ақпарат
1.
2.
Қосымша ақпарат
1.
2.
Детальді ақпарат
1.
2.
Жазылым
3. Жазылым жұмысына берілген тақырыптың бірін таңдап, жанрлық-стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтап, құттықтау жазыңыз.
1. Бүгін қара шаңырақта ерекше қуаныш. Тұңғыш шөберенің атқа міну тойы. Ата-әжеңізге құттықтау тілегіңізді арнаңыз.
Ұлыстың ұлы күні болып есептелетін Наурыз мейрамымен шет елдегі қазақ бауырларымызға арнап құттықтау хатын жазыңыз
247
425
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
aigerim34129.12.2022 04:36
-
Desp3r10124.09.2020 15:32
-
Adele0416.02.2023 03:50
-
milenabalayan01.08.2022 23:05
-
Aikaid22.02.2022 18:08
-
hopelless212423.04.2023 07:31
-
aleXxxx0323.02.2023 22:12
-
nvlasc06.01.2023 21:37
-
LikkaSchool20525.05.2023 09:31
-
Dasha55555920.09.2021 22:25
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.