Есть ответ 👍

Қазақ театрының қайнары. Театр және қазіргі заман.
1-тапсырма. Театрдың қоғамдағы орнын білдіретін 3 сөзді атаңдар
2-тапсырма. Театрға анықтама беріңдер. Ойларыңды бейнелі сөздермен жеткізіп көрсетіңдер
1) Театр неге ұқсайды?(театр - ..., театр - , театр - ). Ассоциациаларды бейнелі сөздермен жазыңдар
2) Театрды немен салыстыруға болады?
Секілді, сияқты шылауларын қолданып, басқа заттармен салыстырып көріңдер.
3) Театрды адам орындайтын қандай әрекеттермен сипаттауға болады? Мысалы, адам үйретеді –театр үйретеді.
3-тапсырма. Театрдың қазіргі қоғамдағы оры туралы сыныптастарыңның пікірін білу үшін 5 түрлі тезис құрастырыңдар. Оқушылардың тезистер туралы пікірін білу үшін (келісемін/келіспеймін) сауалнама жүргізіңдер
1. Театр қоғамдағы өзекті мәселені көрсетеді.
2. Театр
3. Сауалнама қорытындысын, бейнелі сөздер қатарын қолданып, «Театр не үшін керек?» тақырыбында пікірталас эссесін жазыңдар
Эссе жазуға дайындық:
1) Театр туралы оқушылардың жауаптарын тізіп жазыңдар(мысалы, театр адамдарға ізгілік жолын көрсетеді).
2) Пікірлерді ұқсастығына қарай топтастырыңдар, 2 2 қолдаушы, 1 қарсы пікірді анықтаңдар(мысалы, театр қоғамдағы өзекті мәселені көрсетеді).
3) Кіріспе жазыңдар.
Театр туралы пікірлер қандай мәселемен байланысты айтылды?

4-тапсырма. Театр тарихында жиі аталатын елдермен танысыңдар
1. Бұл елдер театр тарихында қандай орын алады?
2. Бұл елдерде театр қалай дамыған?
3. Театрмен байланысты қандай қызықты оқиғалар болды деп ойлайсыңдар?
5-тапсырма. Мәтінмен танысыңдар.
Театр тарихынан
1. Театрдың дүниеге келуі , қалыптасуы адамзаттың дамуымен байланысты. Өйткені, театр - адам ойының, шығармашылығының туындысы.
2. Орта ғасырларда әйел адамдарға тек құлдар мен күлкілі кейіпкерлер бейнесін ғана сомдауға рұқсат берілген. Орыс поэзиясының күні саналатын Пушкиннің заманындағы театрларда орындықтар саны шектеулі болатын. Партердің алдыңғы қатарында тек беделді қонақтарға ғана арналған бірнеше орын болған. Ал қалғандары қойылымды тұрып тамашалайды екен. Көпшілік жағдайда билетті мұндай жерлерге клерктер, студенттер, мен өнерге жақын адамдар алатын. «Браво!» деген мадақ сөз де осы адамдар жақтан жиі естілетін.
3. Әлемде билет алу жүйесі ерекше театр бар. Ол АҚШ-тың Вирджиния штатында орналасқан. «Бартер театрына» кіру билетін ақшаға емес, тамаққа айырбастап алады.
4. Еуропадағы ең көне театр Хорватия елінде орналасқан. Иония театрларында бір қолы жоқ жауынгерлердің қасына тақыр бас құлдарды отырғызатын болған. Қойылым ұнаған жағдайда жауынгерлер шапалақтау үшін бір қолының алақанымен құлдың басынан соғады екен.
5. Ежелгі Рим театрлары комедияларында тек гректерді күлкіге айналдырса, гректер де өз кезегінде римдіктер өмірін мысқылдайтын болған.
6. Алғаш рет фонограмма Ежелгі Римде пайда болған. Линий Андронин есімді драматург пьесалар жазумен қатар, сол қойылымдарда өзі ойнайды екен. Бір күні оның дауысы шықпай қалып, қойылымды шегерудің орнына сахна артына актер орнына сөйлейтін адам қояды. Ал өзі сахнада тек аузын жыбырлатып қана тұрған.
7. Сицилияда бір ай шамасына созылатын қойылым көруге болады. Ал көне заманда, тіпті бір жылға созылатын қойылымдар да болған. Күндіз жұртшылық жұмыс жасаса, кешке қарай қойылымның жалғасын көру үшін театрға әрең үлгеретін болған.
8. XVI ғасыр театрларында әйел адамдар көбіне Франческа, Коломбина, Эсмеральда есімді кейіпкелерді сомдаған.Өйткені, бұл есімдер кең таралған болатын.
9. Грек ақыны Фридрих өзінің «Милетті жаулау» деп аталатын пьесасы үшін көп көлемдегі айыппұл төлеген. Оның бір ғана себебі бар. Бұл қойылым барысында көрермен көз жасын тыя алмағаны үшін қолданылған шара болыпты-мыс.
10. Кез келгенің нәрсенің аяқталғанын білдіру үшін қолданылатын «финита ля комедия» тіркесін, әдетте Рим театрларының актерлері қойылым біткен кезде айтады екен. Итальяндық комик Бианконеллидің жұрт алдында көңілді пантомима көрсетемін деген талпынысы сәтсіздікпен аяқталғаны баршаға мәлім. Ол қойылым барысында бөтелке ұстап тұрып, оның итальян тіліндегі нұсқасын айтқан. Осы оқиғадан кейін «бөтелке» деп аударылатын» «фиаско» сөзі «сәтсіздік», «масқара болу» деген мағынада қолданылатын болды.
6-тапсырма. «Театр» сөзінің мағынасын ашатын сөздерді дәптерлеріңізге жазып алыңыздар
Т – тамаша сахналанған қойылым.
Е – елімізде театр өнері ерте дамыған.
А – адамдар рухани азық үшін театрға барады.
Т – театр – өмір айнасы.
Р – репертуары бай өнер ордасы

173
267
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

4kusssssp08s5c
4,6(79 оценок)

Я ответила на вопросы который нету ответа.

«Балықшы мен балық» мысал өлеңін А.Байтұрсынұлы орыстың қай жазушысынан аударды?

Пушкиннен;.

"Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз

Шортанбай, Дулат, Мұрат;

Жамбыл өзінің пірі ретінде санаған ақынды табыңыз

Сүйінбай;

’’Күлтегін’’, ’’Тоныкөк’’ дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз

VІ-VІІІ ғ;

Шоқанның әдебиетші ғалым екендігін танытатын туындысын табыңыз

’’Манас’’

Ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдары айтылған Абайдың өлеңін табыңыз

«Ғылым таппай мақтанба»;

«Абай жолы» роман-эпопеясының басты кейіпкерін белгілеңіз

Абай;

Ә.Нұрпейісовтің ²Қан мен тер² романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз

Балқаш балықшыларының жағдайы;

Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, "Европаға ашқан терезе" сықылды болды", - деген сөздің авторын табыңыз

Г. Потанин;

Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз

«Кел, балалар, оқылық»;

Шоқанның шын атын табыңыз

Мұхаммед Қанафия;

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS