Есть ответ 👍

Қазақ әдебиеті 6-сынып 3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
1-бөлім:
1.« Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда надан болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып »- деген өлең жолдарының идеясы қандай?
А) адам болу, еңбекке ұмтылу
В) білім алу, надандықтан қашу
С) өнер-білімді насихаттау, өмір сүру
Д) білім үйрену, отанды сүю[1]
2. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңінде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселені анықтаңыз
А) надандықпен күрес мәселесі
В) өнер мен мәдениет мәселесі
C) салт-дәстүрді сақтау мәселесі
D) тәлім-тәрбие мәселесі [1]
3. Аянның типтік бейнесі қай қатарда дұрыс сипатталған?
A) төзімді, бауырмашыл, ынжық, білімді
B) ұқыпты, жігерлі, қызуқанды, зерек
C) намысшыл, ақкөңіл, шыдамсыз, өнерлі
D) ) мейірімді, жігерлі, төзімді, зерек [1]
4. Тортайдың жалғыздығы мен жетімдігін ұмыттырған типтік бейнесін анықтаңыз
А) достыққа адал
В) төзімді, мықты
С) кітапқа құмар
Д) аңғал, арсыз [1]
5. Қажымұқан балуандар мектебінде не үшін демалыссыз жаттыға бастады?
А) Париж қаласына барып өнер көрсету үшін
В) французша күрес әдісін Дубныймен бірдей үйреніп шығу үшін
С) Ресейдің атақты балуандарымен бақталасу үшін
Д) цирк алаңында өзін көрсету үшін [1]

2-бөлім:
6. « ...Онан бір кезде Аян:
- Менен де жусанның иісі шығып тұрады, ағама тартқанмын. Міне, иіскеп көріңдерші, – деп өз омырауына тұмсығын тықты. Біз дереу кезектесіп, оның омырауын иіскеуге кірістік. Өзі айтқаннан ба, әлде шынымен солай ма, әйтеуір, Аянның омырауынан бұрқырап жусанның иісі шығып тұрғандай көрінді бізге...»«Жусан иісі» шығармасынан алынған үзіндіден қандай әсер алдыңыз? Эпизодтың маңыздылығына 3-4 сөйлеммен негіздеме жасаңыз.
[2]
7.Автордың «Тортай мінер ақбоз ат... менің тақымымда кеткендей еді... иесіне қайтаруға кеш еді...»деген өкінішті сөздері несімен маңызды? Өз ойыңызды шығармадан дәлелдер келтіре отырып жазыңыз. ( 3-4 сөйлем)
[2]
8.С.Торайғыровтың:
«...Тұрмыс, тағдыр – бірі де,
Бұл мақсаттан бұра алмас.
Қаһарман Рүстем, Әли де,
Бұрам деп жолда тұра алмас...» - деген өлең жолдарының мағынасын ашыңыз.Автор бейнесін сипаттаңыз.
[2]
9. «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін
Болмасам толған айдай балқып туған » - деген өлең жолдарынан троптың түрлерін анықтаңыз. Қолдану себебін түсіндіріңіз (3-4сөйлем) [2] 10. «Мұқан мектепке түскенде дала жайылымының көбең жылқысындай денесінің олпы-солпысы көп еді. Оқудағы алты ай жаратқан аттай сұлулап, сымға тартқан күмістей түзеп жіберді.»
Автор қандай көркем ауыстыруларды қолданған?Не мақсатпен қолданғанын түсіндіріңіз. (3-4 сөйлем)
[2]
3-бөлім
11.Кейіпкерлердің қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, «Соғыс ұрлаған балалық шақ» тақырыбында эссе жазыңыз. Жазба жұмысыңызда Аян мен Тортай өмірін сипаттаңыз. (80-100 сөз)[5]

251
470
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

dasha199616
4,7(24 оценок)

Гулдердің қасында көбелектер мен инеліктер ұшып жур.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS