Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтап үш проблемалық сұрақ құрастыр. Тау асып, теңіз басып әкелінген трансгенді өнімдер туралы даудың көрігі қызып кетпесе де қоғамда екіұдай пікір қалыптастырып отыр. Тағамтану саласының кей мамандары оны қоштаса, оқығаны мен тоқығаны көп болмаса да бір білері бар ауылдағы ағайын мұның астарында қандай да бір құпия барын біледі. Табиғи емес өнімдер расында ірімейді, шірімейді, сөреде айлап емес, жылдап тұра береді. Сырты жылтырап өзі ірімесе де, асқазаныңызды шірітіп жатпағанына кім кепіл?
Аштан емес, астан өлмейтініңе де ке¬піл¬дік жоқ. Қолдан өсірген емес, қол¬дан өлтірген тағамдардың кесірі¬нен құбыжық сәбилердің, түрлі ау¬рулардың көбейіп кетуінің бір ұш¬тығы осында жатқан жоқ па екен? Алайда ол туралы ресми статис¬тика¬лық дерек мүлдем жоқ. Батыс ғалым¬дары мутацияға ұшырау – генетика ғы¬лы¬мының қарқынды дамуы се¬бебінен деп есептейді. Ал гендік ин¬женерияның Отаны саналатын Аме¬рикада гені модификацияланған өнімге кең жол ашылған. Әлемде мыңнан астам гені модифи¬кация¬ланған «өнер туындылары» бар. Бірақ оның тек 100-іне ғана шы¬ға¬руға рұқсат берілген. Кәрі құрлықта өнімнің қорабында ГМО туралы ес¬керту белгі жапсырылады. Ал біз¬дің елімізде мұндай мәдениет қалып¬таспаған. Тіпті сол шетелден келген импорт өнімдерге ескерту жазылсын деп те міндеттей алмай отырмыз. Азық-түлік пен көкөністің көбісі Қы¬тайдан келетіндіктен, онда иеро¬глифтен басқа ештеңе жоқ. Еліміздегі №1 тағамтанушы Төрегелді Шар¬манов болса, осы өнімдерге шаң жуыт¬¬қысы жоқ.
Елімізде ауыл¬шаруашылығына көп көңіл бөлініп, жылыжай кешендері іске қосылып, көкөніс өндіру артқанымен, импорт өнімді сөреден түре қуып шығуға қауқар жетер емес. Ішкі нарық жұтап қалмас үшін Қытай, Қырғызстан, Өз¬бекстаннан өкіртіп тасып жатыр¬мыз. Әсіресе қытайлық жемістер жа¬санды сияқты көрінетіні рас. Ұзақ сақталады. Алмасына мүлде құрт түспейді.
Ал алмұрт деген атауы бар қолдан жа¬сал¬ған жемісті жесеңіз қағаз шайна¬ғандай боласыз.
Бақшаңызға өзіңіз өсір¬ген қыза¬нақпен салыстырып көріңізші. Өзі¬ңіздікі дәмі тіл үйірерліктей болғанымен екі-үш күннен артыққа шыдамайды. Босап кетеді. Ал қытайлық қызанағыңыз тастай қатып жата береді. Жарамдылық мерзімі жарап тұр. Осыдан кейін ойға қаласың, расында, Қытай өнімдерді гендік модификацияны қолданып өсірген бе деп. Бірақ олар дәл осыны қатаң құпияда ұстайды. Ешқандай мәлімет ала алмайсыз.
136
378
Ответы на вопрос:
Bот znanija - тelе[email protected]: @united brai nly (без пробелов)
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
аня34321307.11.2020 05:08
-
228УЕБАН22820.01.2020 07:44
-
Машуня5505.04.2020 06:11
-
MrSasha111120.08.2021 21:28
-
papka8927.07.2020 19:08
-
ivolapseb04.10.2020 01:46
-
agayevaaysu04.10.2021 15:53
-
Жеккаа72726.03.2020 00:33
-
Ruslan22445318.05.2023 21:06
-
дарья164414.09.2021 03:59
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.