2- нұсқа. Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.[8]
1-мәтін
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» - деп, кінәласады.
2-мәтін
Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған -туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі.
Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.
Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.
1-мәтін 2-мәтін
Тақырыптары
Мазмұны не туралы?
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
2. 1-мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды (кем дегенде 1-еуден) табыңыз. Неліктен бұл ақпарат негізгі (қосымша, детальді) ақпарат болып табылады? (3 )
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Детальді ақпарат
1-мәтін
Жазылым
Төменде берілген тақырып бойынша үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып, құттықтау құрастырып жазыңыз.
Наурыз – Ұлыс меркесі. Барша қазақстандықтарды төл мерекемізбен құттықтаңыз. [4]
Құттықтау хат үлгісі:
Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады.
Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.
Мысалы:
• Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз.
• Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.
• Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.
• Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.
• Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.с.с.
Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты- жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.
Құрылымы:
• Қосымша сөздерден басталып, (мерейтой иесінің) аты-жөнінің жа-
зылуы.
• Құттықтау себебі.
• Құттықтау иесінің жетістіктері жайлы ізгі тілектер.
• Қосымша сөздермен аяқталады, құттықтаушының аты-жөні.
Дескриптор:
1. Үлгіге сай құттықтау жазады
2. Құрылымын сақтайды
3. Үстеудің мағыналық түрін қолданады
4. Сауатты, көркем жазады
119
192
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
мпппеекк101.02.2023 08:21
-
Qkoddk11.11.2022 19:54
-
kosmoz200503.06.2022 20:41
-
Vanpal0304.02.2021 18:06
-
zeralskaya21.12.2022 17:13
-
MARRISABEL27.04.2021 12:10
-
пельмешик230.04.2021 22:22
-
goooooooooj24.05.2023 13:33
-
karinroy28.11.2021 16:40
-
anarazeynalova22.11.2020 11:27
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.