Saens321
29.07.2020 21:54
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. А мәтіні

«Әбдірахман қайнары»

Олжас: -Ата, теледидардан судың емдік қасиеті туралы бағдарламаны қарадым. Жердің астынан атқылаған, таудан сарқырап аққан бұлақтардың адам денсаулығына пайдасы көп екен ғой. Рахман қайнары туралы аңызды естуің бар ма, ата?

Атасы: -Жоқ, балам, естімеппін. Қане, сен айтып берші.

Олжас:-Жарайды, ендеше тыңда. Рахман қайнары Шығыс Қазақстанда орналасқан және оның емдік қасиеті өте күшті. Ерте кезде Әбдірахман деген аңшы өмір сүріпті. Ол бір күні жалғыз баласын ертіп аңға шығыпты. Алдарынан лағын ерткен сыңар мүйізді марал кезігеді. Бала көздеп атқанда, маралдың лағы жер сүзіп құлайды. Лақтың жаралы аяғынан аққан қанды көрген бала шошынып, есінен танып қалады. Жақын маңнан су сылдыры естіледі. Әбдірахман баласының есін жиғызу үшін су әкелуге келсе, бұлақ басынан жаңағы марал мен жаралы лақты кезіктіреді. Лақтың жаралы аяғын бұлаққа малғанда қаны бірден тоқтап, аяғы жазылғанын көрген Әбдірахман таңғалып, торсығына бұлақ суынан толтырып құйып алады. Бұлақтың суын ішкен баласы бірден есін жияды. Ол құйып әкелген бұлақ суын ауылдағы ауру-сырқау жандарға берсе, барлығы ауруынан айығып кетеді. Содан кейін «Әбдірахман қайнары» деп аталып кетіпті

В мәтіні

Су - тіршілік көзі

Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.

Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.​

188
360
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

baget97ozu06u
4,6(68 оценок)

А я нет ещё раз посмотрю как дела
denisdenisov300
4,6(21 оценок)

Дүниеге келді: 9 наурыз 1902 ж., Қостанай облысы

Қайтыс болды: 31 желтоқсан 1985 ж. (83 жыл), Алматы

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS