«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз.
А мәтіні
[8]
БАҚ-ДӘУЛЕТ – БІРЛІКТЕ
Қазақстандағы ұлттар достығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі
менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-
туыстарындай көреді. Диаспоралар қазақтың бөлінбейтін қауым-тайпасына ежелден
айналып кеткендей. Жер шарындағы негрден басқа барлық ұлт Қазақстанда жасап, өмір
сүріп жатыр. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай, жауласпай
өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені, халықтар достығы
біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-жанжалды және
Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде
мамыражай бейне тыныштықтағы Қазақстан жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық
қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді.
Сондықтан, біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан
көпұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген
болатын. Ал, керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап ең бейбіт ел
деген атаққа ие болды. Кеңестік дәуірден басталған, интернационалдық тәрбие мен идея
қазір жаңаша жаңғырып, «Қазақстан ұлттар лабораториясы» бұл күнде, тіпті, өзгеше бір
ұлттар достығының «брендіне» айналды десем қателеспеймін. Мен өзім тәрбие
мекемесінде еңбек еткендіктен ұлттар достығы тәрбиесіне қатты көңіл бөлемін.
Басшылық жасайтын колледжімде біраз ұлт өкілдері қызмет етеді. Диаспоралардың да
балалары бар.
Ә мәтіні
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл
деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің
тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай,
ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта,
сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни
және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.
Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы
1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен
ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру
жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27
республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды.
Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің
мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы
жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.
А мәтіні Ә мәтіні
Мәтіндер не туралы?
Мәтіндердің құрылымдық бөліктерге ажыратып, тақырып ұсыныңыз.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
2. Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
А мәтіні Сұрақтар:
1)
2)
Ә мәтіні Сұрақтар:
1)
2)
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлы және стильдік ерекшеліктерін сай
әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер арасындағы диалогтің болуын
ескеріңіз, онда одағай сөздерді қолданыңыз. 70-80 сөз
[7]
1) Бүгінгі таңда телефонға тәуелділік үлкен дертке айналды. Еңбектеген сәбиден
еңгейген қартқа дейін телефонға шұқшиып отырғанын көріп жүрміз. Осындай
күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Біз әлеуметтік желіге неге
тәуелдіміз?» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
2) Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар –
өзіміз, біздің жақындарымыз. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік
өзгеріске ұшырғана тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой
салатын әңгіме құрастырыңыз.
3) Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық туралы
ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.
135
392
Ответы на вопрос:
Терезе-6 әріп , 3 буын t-[t]-дауыссыз ; қатаң ; е-[e]-дауысты жіңішке езулік р-[p]-дауыссыз үнді e-[e]-дауысты жіңішке езулік з-[з]-дауыссыз ұяң e-[e]-дауысты жіңішке езулік 6 әріп , дыбыс
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
dina260710.07.2022 22:01
-
polinakomarova326.06.2022 03:06
-
alena7a109.07.2022 11:04
-
llizka09427.06.2023 05:39
-
dana11241401.07.2022 15:10
-
pavelshilov200oxnuw111.08.2021 05:31
-
timca201429.04.2021 10:51
-
Sadovnik1128.11.2021 01:32
-
rockmus25.10.2021 14:01
-
alexgreen545421.05.2020 13:56
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.