Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
[5]
1-мәтін
Су
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гепатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.
2-мәтін
Қазақстан өзендері
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады. Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді. Ертіс өзеніне Бұқтырма су электр стансасы салынған.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады. Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Жер шарының бөлігін мұхиттар алып жатыр. Сондықтан ол – жердегі ең үлкен тіршілік ортасы болып табылады. Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оларды жасанды көл дейді.
Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді.Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.
Жер бетінің ғарыштан қарағанда көгілдір болып көрінетіні – жердегі мол судың арқасы. Сондықтан да жер «Көгілдір ғаламшар» деп аталады.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыптары
Мазмұны не туралы?
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
2. Әр мәтіндерден негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды (кем дегенде 1-еуден) табыңыз. Неліктен бұл ақпарат негізгі (қосымша, детальді) ақпарат болып табылады? Себебін көрсетіңіз.
[5]
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Детальді ақпарат
1-мәтін
2-мәтін
Себебі
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, мәтін жазыңыз.
Досыңыз қандай да спорт түрінен республикалық деңгейдегі жарысқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Досыңызды осы қуанышымен жазбаша құттықтаңыз.
(70-80сөз)
2) Қазақстанда көптеген ірілі-ұсақты өзен-көлдер бар. Олардың біразын ғалымдар зерттеп, емдік қасиеттері мен минералдық құрамы қаншалықты екендігін де дәлелдеп келе жатыр. «Еліміздегі өзен-көлдердің емдік қасиеттері туралы дәлелдеп, жазыңыз. (70-80сөз)
[10]
297
329
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
2005nastyabereza15.10.2020 04:48
-
SuperMine24.02.2021 15:28
-
ilia11305.04.2021 13:46
-
Ананасяя22.10.2021 03:01
-
fcnhff705.04.2022 11:17
-
Sultan739327.05.2020 22:28
-
staroverovandr22.10.2020 02:23
-
алина368717.02.2021 07:03
-
kooyrina582mari07.03.2020 17:24
-
violakim280601.07.2020 16:35
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.