с ТЖБББ 1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. [5]
1-мәтін.
Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен,
бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат
беріп, құтты болсын айтады.
Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған -туысқандарына, көрші-көлемдеріне, досжарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі.
Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас
қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап
ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.
Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.
2-мәтін.
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра
болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке
тәрбиелеуге тырысқан.
Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды
қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын
әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан
баланың бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын
қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы
әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де
«Сен оңбассың, адам болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн
көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап
отырған.
Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о
бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя
білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне
қатыстырып тәлім берген.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыптары
Мазмұны не туралы?
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
2-тапсырма. 1-мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпаратты сәйкестендір [2]
1. Байғазы
А. Үлкеннің кішіге, балаға беретін сыйы.
2. Базарлық
Б. Сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып
амандасып, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасатын дәстүр.
3. Көрісу
В. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде үйдегі жастар өздері
бас қосып немесе замандастарын шақырып,
4. Бастаңғы
С. Алыс сапарға шыққан, сауда жасап келген адамдар туған
-туысқандарына, досжарандарына ірілі-ұсақты беретін сыйлықтар.
3-тапсырма. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
2-мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтінге сай келетін мақал-мәтелді көрсетіңіз.
2. Баланы тәрбиелеу жолдары қай абзацта айтылған?
3. Мәтіндегі "ізгілік" сөзіне синоним болатын сөзді табыңыз.
А. 1. Бала тәрбиесі бесіктен. 2. 2-абзац. 3.кішіпейілділік.
В. 1. Су ішкен құдығыңа түкірме. 2. 2-абзац. 3. шешендік.
С. 1. Тәртіпті-елдің құлы. 2. 1-абзац. 3. қамқорлық.
Жазылым
Төменде берілген үш тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. [5]
1. Қазіргі кездегі қазақтың салт-дәстүрлерін заман ағымына сай өзгертуі дұрыс па, бұрыс па? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз. 120-130 сөз
2. Үстеу түрлерін қатыстырып, өздерің білетін бір салт-дәстүр туралы жинақы мәтін жазыңыз. 60-70 сөз.
3. Есімдіктерді қатыстырып, ойыңызды өрбітіп, «Қазақ спортшылары – әлем деңгейінде» деген тақырыпқа эссе жазыңыз. 120-130 сөз
151
217
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
nasten4ik019410.02.2021 23:49
-
Павлик808914.03.2022 22:22
-
Foret22821.04.2020 03:14
-
nastya0110201626.12.2021 15:26
-
Gdngz20.10.2020 03:14
-
alina190383oztzns04.01.2023 20:10
-
Shkolnik55577708.11.2022 06:54
-
ppoprygoyaroslp00vq717.10.2020 13:20
-
ayakabdadhev04.04.2021 02:10
-
BettaPi200325.08.2020 22:01
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.