Есть ответ 👍

Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Ғаламтор ғаламаты. Қазақстандағы ұлттар достастығы. Дұрыс тамақтану. Морфология

Аты жөні Сыныбы

Оқылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз.

[5]

А мәтіні

Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол - интернет.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Десек те, егер бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін орындаса, денсаулыққа зиян тимейді. Көзбен компьютердің ара қашықтығын 60 - 70 см болып, көзге әр 20 - 25 минут сайын жаттығулар жасауды ұмытпағаны жөн. Жұмыс кезінде ақ халат кисе, ультра күлгін сәулесінен сақтайды. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. (170сөз)

Ә мәтіні

Қазіргі ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріледі.

Қазақ халқы ежелден ұлтына қарамастан, жалпы адамзатты жанына жақын тартатын бауырмал халық емес пе?! Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Ұлы Абайдың «адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейтін өсиеті соның бір дәлелі. Бойында бауырмалдық, қонақжайлылық пен кеңпейілділік бар ұлт қана ынтымағы жарасқан елге айналады. Қазақстанда барлық ұлттар ұлттық салт- дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Кеңес үкіметі тұсында да ұлтаралық достықты бастыұстаным еткен кеңпейіл халқымыз әлі күнге дейін сол қалпынан айнымаған.

Әр қазақстандық «Қазақстан – жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы ұстанып келеді. Қазақстанда тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік бесігіне айналған елімізді мақтан етеді

А мәтіні Ә мәтіні

Мәтіндер не туралы?

Мәтіндердің құрылымдық бөліктерге ажыратып, тақырып ұсыныңыз.

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

2. Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз.

А мәтіні Сұрақтар:

1)

2)

Ә мәтіні Сұрақтар:

1)

2)

Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлы және стильдік ерекшеліктерін сай әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер арасындағы диалогтің болуын ескеріңіз, онда одағай сөздерді қолданыңыз.

[10]

1) Бүгінгі таңда телефонға тәуелділік үлкен дертке айналды. Еңбектеген сәбиден еңгейген қартқа дейін телефонға шұқшиып отырғанын көріп жүрміз. Осындай күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Әлеуметтік желінің әлегі» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.

2) Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік өзгеріске ұшырғана тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой салатын әңгіме құрастырыңыз.

3) Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық туралы ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.

153
500
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

mixa342
4,6(28 оценок)

1) Кішкентай Роботтың өмірі.

если там есть еще задания,я дальше не видно.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS