26nn
10.07.2021 13:17
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Жиынтық бағалауға шолу

Денсаулық – зор байлық. Менің тәуелсіз Қазақстаным. Аспан әлемінің құпиясы.

Компьютердің тілін табу – өнер.

Тыңдалым

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние. Ол жақсы болу үшін уақытты, күш жігерді, еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.

Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Сол себептен әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыруымыз үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әркеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз керек. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу - денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

1. Спорттың ең қарапайым түрі?

А) дұрыс тамақтану В) жүгіру С) демалу Д) тазалық сақтау

[ 1]

2. Адам өміріндегі баға жетпес байлық?

А) денсаулық В) спорт С) серуен Д) байлық

3 .Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 3 дұрыс тұжырымды анықтаңыз.

[3]

Ақпараттар +дұрыс - бұрыс

Денсаулықты сақтаудың алдын алуға болмайды.

Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі.

Денсаулық жақсы болу үшін спортпен айналысудың қажеті жоқ.

Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор.

Әр адам салауатты өмір салтын қалыптастырғаны дұрыс.

Оқылым

1-мәтін 2-мәтін

Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ,

Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ.

Отан үшін құрбан болған боздақтар,

Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ.

Әрқашанда тыныш болсын түніміз,

Шуақ шашсын ашық аспан күніміз.

Кеше ғана азаттықты аңсаған,

Бүгін міне, ірі елдердің біріміз.

Жалыным бар ешкім оны сөндірмес,

Бұл әлемде қазақ жерін кім білмес.

Қонақжайлы, азат елді, көп ұлтты,

Қазақстан еліне ешкім тең келмес!

Ата-бабаларымыздың асыл арманы – тәуелсіздік тұғыры қолымызға ақыры бұйырып, соның рахатын қазіргі ұрпақ көріп жатыр. Осы бақытты күндердің ұзағынан болуы өзімізге байланысты. Ол үшін жастар оқып, терең білім алса, елге адал қызмет атқаратыны даусыз. Тәуелсіздік үшін Қазақстанның әр азаматы еңбек етуі керек.

Тәуелсіздіктің арқасында мемлекет ретінде әлемге танылдық. Тәуелсіздікпен Қазақстан да танылды. Әлем бізді осы тәуелсіздіктің арқасында көріп, білді. Біздің халық қастерлі тәуелсіздіктің, еркін егемендіктің арқасында бейбіт күнге қол жеткізіп отыр.

4. Тапсырма

1.Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтаңыз.

А) Тәуелсіз Қазақстан В) Ұлттық теңге

С) Мемлекеттік рәміздер Д) Астана- бас қала

[1]

5. Берілген ақпараттардың қай мәтінге қатысты екенін анықтаңыз.

[2]

Ақпараттар 1-мәтін 2-мәтін

Тәуелсіздігіміздің арқасында мемлекетімізді әлем таныды.

Қонақжайлы, көп ұлтты Қазақстан еліне ешкім тең келмейді.

Отан үшін құрбан болған боздақтар ел есінде мәңгі қалады.

Тәуелсіздік үшін Қазақстанның әр азаматы еңбек етуі керек.

6. Дұрыс нұсқасын қойыңыз. [2]

1. Ежелгі Мысырда (жұлдызшылар, жөндеушілер, балгерлер) болған.

2. Олар аспан құбылыстарын (тексерген, зерттеген, оқыған).

Жазылым

7. Тірек сөздерді қолдана отырып, компьютердің зияны мен пайдасы жайлы 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін жазыңыз.

Тірек сөздер:ақпарат, жылдам, тарату, электронды пошта, адам ағзасына, көздің көру қабілеті, құмарпаз, шкетен тыс, тәуелділік. [10]

Айтылым

8. Тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жағдаятты сипаттап, ауызша мәтін құрап айтыңыз. 5-7 сөйлем. [10]

Салауаттылық, денсаулық, пайдасы, спорт, дене жаттығулары, дәрумен, шектен тыс, сақтау.

Шоқжұлдыздар, аспан әлемі, құпия, қызықты, зерттеу, астроном, ғарышкер, ғаламшарлар.

273
494
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

анна2170
4,4(66 оценок)

сначала нажми на настройки а далее нажимай EDIT PROFILE потом там появится Edit nick name

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS