2-тапсырма. Үзіндіні мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Үзінді мазмұны бойынша шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз. Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды...
Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш — итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.
Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес.
Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды.
Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта "қыңқ" етіп ауыр-сынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
— Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды! — деп ауыл аңыз қылады.
Көксеректің бұл жайын байқап ап, Құрмаштың әкесі:
— Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара қой балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық,— деп еді.
Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Бірақ осы кештен екі күн өткен соң, Көксерек бір түн ішінде жоқ болды. Құрмаш қашып кетті деуге қимай, айналадағы ши-қарағанды, жар-жыраларды тегіс арылтты. Таба алмады. Осымен жұрттың бәрі кеттіге есептеп қойып еді, үш күн өткенде бір күні таңертең ойда жоқта Көксерек өз-өзінен сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі қасқырдың бұл мінезіне сүйсініп, қуана қарсы алды. Бұл келгенде Көксерек екі бүйірі суалып ашыққан. Өзінің үсті-басы батпақ болып сыбағысқан собалақ жүдеу пішінмен келді. Қайта тұрып қалды. Тағы да бұрынғысынша күйленіп, нық семіріп, енді орасан боп өсе бастады.
Бұл соңғы күйленуі шынымен үлкен қасқыр боп ұлғаюының белгісі еді. Сонысын сезген болу керек, күздің бір қара дауылды қара түнінде Көксерек тағы жоқ боп шықты. Бұл жолғысы шын болды. Енді қайтып оралмастай болып кетті
128
423
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
sakyra202515.11.2022 04:53
-
Victoria11990012.11.2020 21:42
-
dfyz213.04.2022 14:29
-
darina09707.06.2021 04:34
-
Дарига6501.12.2021 01:59
-
AvroraMessi06.03.2021 09:11
-
rit223904.08.2020 00:52
-
zimogo12112.01.2023 05:59
-
CorrupteD25.02.2023 22:48
-
Imfind20.04.2021 11:23
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.