Есть ответ 👍

Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Қажымұқанның әкесі кедей шаруа болғандықтан, оның балалық, жастық шағы жоқшылықта өтіп, орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.

1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста Қажымұқан бәсекелестерін тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанады. Бірақ , орыс басшылығына қазақтың аты шығып жатқаны ұнамай, Қажымұқанды орыс есімімен өнер көрсетуге мәжбүрледі. Қазақ батырына «Иван Чёрный» есімі қойылып, азан шақырылып қойған есімін жариялауға тыйым салынды. 1909 жылы өткен Халықаралық жарыста Мұқан жарыс алаңына «Қара Мұстафа» деген атпен шығады. 1910 жылы Оңтүстік Америкаға келіп, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жарыста Америка чемпионы атанады.

Кейін Мұқан поляк қызымен отау құрып, оған Бәтима деген ат береді. Патша үкіметі де құлдыраған соң , 1937 жылы «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деген сылтаудың кесірінен Мұқан қудалауға ұшырайды. Сөйтіп, Мұқан отбасын тастап, көрші жатқан Өзбекстан жеріне қаңғырып кетеді. Өмірінің соңғы сәттерін киелі Түркістан жерінде өткізеді. Талай жандардың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғыстың суық лебі орыс жеріне жақындай бергенде, Мұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевтың кабинетіне келіп, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсынысын білдіреді. Сөйтіп, екі жылдай циркте еңбек етеді, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.

Мұқан 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданына тиісті Ленин туы атты колхозда қайтыс болған. Мұқан атамызға арнап Темірлан ауылында ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларында стадиондарға балуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.

ІІІ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

- «Қазақ балуаны» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

- «Балуан» деген атау кімдерге беріледі?

- Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не айтар едің?

- Қажымұқанның үлкен күрес өнеріне келуіне кім себепші болды деп ойлайсың?

- Мұқанның Қажымұқан аталып кетуінің себебі неде деп ойлайсың?

- Күш атасы Қажымұқанның күрес ойындарында алатын орны жайында не айтар едің?​

287
443
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

leonidbobnev
4,8(7 оценок)

ну обойдёшься

Объяснение:

там там там

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS