Қазақ тілі Сынып: 6 03.03.2021 ж. Бөлім Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының балаға қатысты салт-дәстүрлерінің маңызы. Құттықтау түрлері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу.
Бағалау критерийі Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін, тілдік ерекшеліктерін анықтайды
Құттықтауды жанрлық, стильдік ерекшелігіне сай құрастырып жазады
Сабақ уақытын жоспарлау: 30 минут-синхронды қашықтықтан оқыту
10 минут-асинхронды қашықтықтан оқыту
Сабақ барысы
Кезеңдер Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
5 минут Қызығушылықты ояту.
Берілген суреттер бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
Бөлім мен сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру, талдау.
Сабақтың ортасы
5 минут
18 минут
10 минут
Мағынаны тану
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Құттықтау дегеніміз - жақын адамыңды, бауырыңды, туған-туыстарыңды, отбасыңды мерекелік лебіздерге толы тілектермен құттықтау. Құттықтау ресми ісқағаздар стиліне жатады.
Құттықтаудың екі түрі бар: ресми және ресми емес (бейресми). Бұл екі түрі ресми іс-қағаздар стиліне, ал көпшілікке арналған сөздер (той, мереке кезіндегі тілек сөз) ауызекі сөйлеу стиліне жатады.
Ресми құттықтаулардың мәтіні ресми іс-қағаздар стилінің талаптарына сай ықшам, орнықты келеді, ондағы сөздерді орынсыз өзгертуге болмайды.
Ресми құттықтау мекеме қызметкерлеріне, мекеме басшыларына ресми тілде, белгілі тәртіппен жазылады. Ресми құттықтау көбіне жіктік жалғауының 2-жақ сыпайы түрінде жазылады.
Ресми құттықтаулар, мемлекеттік марапаттаулар. Елімізге қатысты өзге мемлекеттердің құттықтаулары, ҚР-ның марапаттаулары.
Ресми құттықтаулардың мәтіні ресми іс-қағаздар стилінің талаптарына сай ықшам, орнықты келеді, ондағы сөздерді орынсыз өзгертуге болмайды.
Бейресми құттықтау бауырына, туған-туыстарына, отбасы мүшелеріне еркін тілде жазылады. Мұндай құттықтаулардың мәтіні еркін, сөздері құбылмалы болады. Құттықтаудың өзіне тән тілдік бірліктері, сөз оралымдары болуы керек. Тілдік бірліктерге қаратпа сөз, бейнелі сөздер, тілек мәнді білдіретін сөздер, ізгі ниет пен құрметті білдіретін сөздер жатады, яғни эмоционалды-экспрессивті сөздер басымдық танытады. Құттықтау мәтінінде құттықтаушының эмоциясы, көңіл-күйі, жылы лебіздері айқын байқалады. Құттықтауда тілек мәнді, ізгі ниет пен құрметті білдіретін сөздер орын алуы керек. Тілдік бірліктер арқылы құттықтаушы адам бауырын, туысқанын, жалпы отбасын мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізі мен тілектерін білдіріп жатқанын байқауға болады.
Құттықтаудың да өзіне тән мазмұндық-құрылымдық жүйесі болады.
Мінездеменің жанрлық-стильдік ерекшеліктері:
Кіріспе бөлімде құттықтаушы құттықтайтын адамын мейрамымен құттықтаса, негізгі бөлімде жылы лебізін, ақ тілектерін білдіреді, ал қорытынды бөлімде кімнің атын құттықтап отырғанын жазады. Құттықтау бірінші жақта, жіктік жалғауы жалғану арқылы, келер шақтағы жай немесе құрмалас сөйлемдердің қатысуымен жасалады.
Ж. 1-тапсырма. Екі мәтінді мұқият оқыңыз. Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңыз.
А мәтіні
Қаз, қаз балам десіпті,
Күрмеуіңді шешіпті.
Ала жібін ешкімнің,
Аттама деп кесіпті.
Қаз, қаз басып келер деп,
Қадамына сенер көп.
Тоқ ішекпен кесіпті,
Тоқшылыққа кенел деп.
Қуанышқа бөленбек,
Әр қадамы еленбек.
Көк шөппенен кесіпті,
Көктеп өсіп, көгер деп.
Тұсауыңды кесейік,
Күрмеуіңді шешейік.
Алға қадам баса ғой,
Азамат бол,есейіп.
Дәстүрге бай халқым бар,
Аласармас даңқым бар.
Бабалардан жалғасқан,
Тұсаукесер салтым бар.
Ә мәтіні
Құрметті ағайын, бүгінгі Мирас жиеніміздің қуанышты тойы құтты болсын! Шілдехана тойында нағашылары берген құлыны тай болып, ата дәстүрімізді сақтап, бүгінгі күні ашамайға мінгізу өткізіп жатыр екенсіздер. Той шашусыз болмайды. Әрине, біз сый-сияпатсыз келмедік. Жиенжанға көз тимесін деп үкі тағылған бөрік пен тайына арнап жасатқан ашамай және қамшы алып келген едік, соны табыстайық.
Жиенжан, ортаға кел. Пай-пааай! Жиенге қарасақ, көз тоймайды, керемет! Айналайын, ашамай тойың құтты болсын! Ғұмырлы бол!
Мәтіндер Мазмұны Стилі Тілдік ерекшеліктері
А мәтіні
Ә мәтіні
ҚБ. Бірін-бірі бағалау
2-тапсырма. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, бауырыңыздың тұсау кесу рәсіміне арнап құттықтау мәтінін
278
374
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
черныйхащ27.04.2020 01:18
-
РаскольниковРодион05.08.2022 20:53
-
енот25230.03.2021 19:22
-
markvT24.04.2023 10:13
-
EnsteinMEGAMOZG20.10.2022 20:30
-
anghelina106.05.2020 15:38
-
sashamur2005116.08.2020 22:31
-
Ananasik333305.04.2020 11:58
-
beelan313.10.2021 05:12
-
ГюнтерСтингерсон10.05.2020 20:02
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.