Бала бидің пікірінше, жерден ауыр не? А) адам өмірі
В) ақыл-білім
С) тәкәппар көңілі
Д) оқу-ғылым
Е) кітап
2. Бала бидің пікірінше, адам өмірі неден ыстық?
А) жалыннан
В) жақсылықтан
С) тозақ отынан
Д) оттан
Е) күннен
3. Бала бидің сұрағына кім жауапберді?
А) Қазыбек би
В) шәкірті
С) өзі
Д) Төле би
Е) баласы
4. «ауыз тұшырлықтай» тіркесінің мағынасы?
А) жылы сөз
В) ауыр сөз
С) аузы ашық
Д) ауыз ашитындай
Е) көңіл толатындай
Құмырсқа
Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым - мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадриллион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.
1. Мәтін қай стильде жазылған?
А) ресми стиль
В) ауыз екі стиль
С) ғылыми стиль
Д) көркем әдеби стиль
Е) публицистикалық стиль
2. Мәтіннің тақырыбы қандай?
А) жәндіктер туралы
В) құмырсқалар илеуі туралы
С) құмырсқалар туралы
Е) мирмекологтар туралы
Д) құмырсқалар еңбегі
3. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.
А) көп, быжынап кетті
В) көп, ығы- жығы
С) қаптап кетті, қайнады
Д) қажырлы, еңбекқор
Е) қайнаған, қалың
4. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
А) биология
В) мирмекология
С) ботаника
Д) зоология
Е) нумерология
Сақ патшасы
Ұлы сақ ордасының қазынасы құлқынын тескен Кир патша Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтап,қайтыс болған күйеуінің орнына патша болған Тұмар ханымға елші жібереді: - Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын! Екеуміз екі елдің басын қосып, бірігіп билейік. Бұл дегеніңіз – Тұмар ханымның басына құмай (бақыт) құсының қонғаны!-деп сәлем айтады. Кирдің ойлағаны елінің елдігі емес, байлығы екенін түсінген Тұмар құда түсе келгендерге: - Келген жолдарыңызбен кері қайтыңыздар. Желегім желбіреп отырған қыз емеспін. Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса, онда мәселе бір басқа. Мен елімнің падишасымын. Мен иілсем - елімнің иілгені. Мидиялықтардың патшасы Кир ниетінен қайтып, отанына оралсын. Қаншама құдіретті болса да, Күн тәңірімнің күні ертең кімді қолдап, кімге зауал әкелерін қайдан білейік. Кир көзін маған емес, менің еліме салып отыр. Ал еліме бұғау салдыртпаймын, ата-баба аруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып қоймаймын. Соны есінде сақтасын,-деп қайыра сәлем айтып жібереді.
1.Мәтінге сай емес тақырыпты таңдаңыз
А) Ұлы сақ ордасы
В) Тұмар патшайымның қайсарлығы
С) Кирдің арманы
Д) Елдестірмек елшіден
Е) Елі үшін туғандар
2. Тұмар патшайым тарихта қандай атпен белгілі?
А) Қыз Жібек
В) Зарина патшайым
С) Қыз Қорлан
Д) Томирис патшайым
Е) Амазон патшайымы
3. Кир қай елдің патшасы
А) Иран
В) Рим
С) Сақ елінің
Д) Мидия
Е) Македония
4. «Тәңірімнің» сөзіне қандай жалғау жалғанған?
А) септік жалғау, жіктік жалғау
В) көптік жалғау, септік жалғау
С) ілік септігі, жіктік жалғау
Д) жіктік жалғау, тәуелдік жалғау
Е) тәуелдік жалғау, септік жалғау
Ана тілі
...Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тілдері мен мәдениіттерінің бәрі қажет. Ал мәдениет пен тіл тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады.
Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та – адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауы тиісті. Шығыстың ежелдегі ірі данышпаны:
«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе»,-деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал.
1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз.
А) Ананы қадірлеу
В) Достық туралы
С) Ана тілі жайында
Д) Бала тәрбиесі
Е) Адам мінезі туралы
2. «Тағдырына» сөзінің жасалуы
А) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау
В) жалғау, көптік жалғау, жұрнақ
С) түбір, септік жалғау
Д) жіктік жалғау, жалғау
Е) түбір, жұрнақ, жалғау
3. мәтіндегі көсегесін көгерту тіркесті не мағына береді?
А) соққыға жығу
В) жолы болу
С) от жағу
Д) өркендеу
Е) насихаттау
4. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз
А) адамгершілік
В) өркен жаю
С) дами алады
Д) үйреткен
Е) кемелдену
найти
171
479
Ответы на вопрос:
А: әй, қарашы, табиғат қандай тамаша! өзен толқындарының жүйіткуі, таулардың шыңдалып аспанға бара жатқандай көрінгені әсем емес пе? в: иә, әрі ол ғана емес: жусан иісі, жылқылардың таптанған іздері табиғатты одан әрі әшекейлендіреді. с: жоқ, табиғат дегенді сөзбен айту мүмкін емес. а: мен сенімен келісемін.. біздің жана айтқанымыз тек бір ғана ноқаттай. в: ал.. кеттік, әйтпесе кешігіп қаламыз.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Edinorog1Panda13.04.2022 08:00
-
сауле4917.05.2022 15:07
-
llllllllllllll107.03.2021 18:27
-
Gaky09.06.2021 00:56
-
konfetkaa200414.04.2022 09:53
-
максим1301115.12.2021 14:06
-
Пездюк124.10.2020 16:18
-
tarringate01.08.2022 21:10
-
risha523908.02.2021 22:38
-
SharkKinger12.08.2022 16:00
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.