Оқылым. Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сонымен қатар оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге нәр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt- dastur/53033/
1.Мәтін не туралы? (1 б.)
А) домбыраның тарихы мен мүмкіншілігі Б) атақты күйшілер В) танымал күйлер
2. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейн қандай аспаптық шығарма жанрының қалыптасуына ықпал еткен? (1 б.)
А) жыр Б) термелер В) күй
3. Ақпаратты сәйкестендіріңіз(4б.)
1 Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар а басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер
2 Домбыра құрылысы б ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап.
3 Домбыра – тек күй тартуға ғана емес в жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
4 Құрама домбыралардың шанағы г қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап.
4. «Төрт сөйлем тәсілі» қолданып пікір жазыңдар (4 б.)
Ғаламтордың пайдалы жақтары
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың.
Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/60742/
Пікір: Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел: Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал: Пікіріңді өмірмен байланыстырып,мысал келтір.
Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жаз.
144
494
Ответы на вопрос:
Сәлем дима! -сәлем катя! -сен қай мезгілді унатасын? -мен коктемді унатамын,неге? -ойткені әдемі, гүлдер, оседі, кар ериді.ал сенше? -менде ,сау бол! -сау бол!
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Gollagan06.06.2023 19:55
-
нпрр16.10.2022 12:19
-
ксюня26420.03.2021 06:53
-
djekichan12314.07.2022 15:25
-
hramkova198324.07.2020 22:07
-
Лина23050214.12.2021 03:25
-
artemsavenkov23.07.2021 19:26
-
lesta221.05.2021 20:58
-
marilmermaidp08sv118.05.2023 22:04
-
лерунька722.01.2020 17:41
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.