Мәтіндерді мұқият қойып оқып, төмендегі тапсырмаларды орындау. 1. Бабаларымыз тәрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең касиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
2. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіе, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрен, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б,
3. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған. Ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, кұнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.
4. Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса кұнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
5. Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да қайнатып, емге пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған.
Осы бөлім бойынша тест тапсыру
СҰРАҚТАР
1. Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған?
2. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі.
2. Сыйдың ен қадірлісі
3. Үндемейтін адамға қатысты теңеу
4. Амандасу әдебі
5. Төрт түлікке қатысты халық ырымы
3. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал
4. Төрт түліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны
5. Қойға қатысты сипаттама
6. Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік
7. Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді?
8. Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі?
290
427
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
саня133603.01.2023 16:54
-
prasolovadd18.12.2020 11:06
-
Totiva08.01.2021 13:43
-
yuralavrenov201621.03.2023 21:07
-
1010ВАДИМ30.04.2021 21:44
-
Dasha82625122.05.2022 14:34
-
Zhenek19564310.02.2020 06:22
-
арина1232429.06.2023 04:26
-
Anneli108.07.2020 00:12
-
Соня1164724.11.2021 16:22
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.