motay121
08.07.2021 16:18
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 1- нұсқа
Оқылым
Мәтінді оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңыз.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.
Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс, және қылқалам бар. Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) қызыл кітап, зерттеу, топырақ
В) отан, бала, қала
С) қызыл кітап, табиғат, қорғау
Д) зерттеу, адамдар, күш
2.Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды табыңыз.
А) Еліміздегі ескерткіштерді қорғауға алу
В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу
С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу
Д) Еліміздегі жойылып бара жатқан жан-жануарларды қорғау
3. Қазақстанда соңғы рет Қызыл кітап қай жылы шықты?
А) 1969 жылы
В) 1999 жылы
С) 1989 жылы
Д) 1996 жылы
4. Мәтіннен берілген сөздің антонимін жазыңыз. Пайда –
А) Сирек
В) көп
С) Зиян
Д) Тез
5. Қызыл кітапқа қандай жануарлар енгізілген?
А) Жойылған
В) Құтқарылған
С) Сирек
Д) Тез азайып келе жатқан

Лексика-грамматикалық тест.
1. Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.
А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біреу Е) Кім?

2. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... досың.
А) –де. В) –мен. С) –ім. Д) –ің. Е) –ың.

3. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.
4. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте. В) Мемлекеті. С) Мемлекеттік. Д) Мемлекеттің. Е) Мемлекетім.

5. Сын есімді табыңыз.
А) Естігенді. В) Әйелді. С) Дәптерді. Д) Кеткенді. Е) Дәмді

6. Оқу құралдарын табыңыз.
А) Қалам, сызғыш, кітап, дәптер. В) Есік, тақта, шкаф, қабырға. С) Еден, терезе, желдеткіш. Д) Ағаш, шөп, жапырақ , гүл. Е) Асық , ойыншық , шаңғы, доп.

7. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.
А) Екіден. В) Мың. С) Он. Д) Тоғызыншы

8. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.
А) Дәптердің . В) Дәріге. С) Қаламмен. Д) Балалық . Е) Үйлер.

9. Артық сөзді тап
А) Спортшы В) Ата С)Дәрігер Д) Сатушы Е) Суретші

10. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз.
А) Жел. В) Өмір. С) Ағаш. Д) Көңіл. Е) Ауа.

11. Жалқы есімді табыңыз.
А) Қарлығаш. В) Дуадақ. С) Қарға. Д) Сауысқан. Е) Тауық .

12. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Дәрігерге. В) Сатушы. С) Аспаз. Д) Заңгерлер. Е) Мұғалім.

13. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Пияз. В) Көкөніс. С) Бақша. Д) Жидек. Е) Жемістер.

14. Тәуелдік жалғауындағы сөзді табыңыз.
А) Апайлар. В) Жолдас. С) Ауылданбыз. Д) Дәптеріңіз. Е) Уақыт.
15. Шығыс септігінің сұрағын табыңыз:
А) Кімде? Неде? В) Кім? Не? С) Кімнің? Ненің? Д) Кімнен? Неден? Е) Кімге?

111
140
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

87771411520n
4,4(91 оценок)

Еңлік Кебек дастаны өте керемет дастан. Ол ежелден қазіргі заманға дейін жалғасып келе жатыр. Дастанда көп оғиғалар бар

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS