Artem12309
12.04.2022 11:50
История
Есть ответ 👍

Онлайн мектеп всемирная история

241
349
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

Lizaveta9999
4,6(92 оценок)

Вроде Сократ

Объяснение:

MMPO
4,7(23 оценок)

Ас , ас беру — өлім-жітімде жасалатын кәденің соңғысы, еске алу рәсімі. А. беруді “жылын беру” деп те атайды. Бұған арнайы сойылатын жылқыны марқұмның қырқында (қырқ күн өткен соң берілетін ас-су) тұлдайды. Оған көбінесе марқұмның мінген аты белгіленеді. Мұны жетісінде де белгілей береді. Тұлдау — сол аттың қара терін шығарып барып суыту. Жал-құйрығын күзеу. Сонан соң жүген-құрықтан азат етіп қоя беру. Қазақ А-ты бір жағынан той деп есептейді. Ат шаптырып, бәйге береді. “Аруақ риза болмай — тірі байымайды” дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды. А-тан кейін ол үйде (ауылда) қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады. Жесір қалған әйел тек ерінің А-ын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті. А. беруге қайтыс болған адамның туыс, жекжат, дос-жарандары ат салысады. Осыған орай “Ас пен той ортақ” деген қағида қалыптасқан. Көзі тірісінде елге атағы жайылған, соңында қалған ағайын-туысы мол адамдардың А-ы ұлан-асыр той дәрежесінде өткен. Ондай А-та жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылған. Бұған әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әнші, жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнайы шақырылып, жүйрік аттар келетін болған. 1860 ж. Ерден Сандыбайұлына А. берілгенде 500 үй тігілген, 160 жылқы, 200 қой сойылған. Ат жарыстың бас бәйгесі 100 жылқы болған. Осылай Ерденге үш рет А. берген. Үшеуіндегі шығын 1860 жылқы, 600 қой, 1000 саба қымыз болған. 1861 ж. Байдәулет Құлбекұлына берілген А-та бас бәйгеге 100 жылқы, 100 қой, 1 ақ отау, 10 түйе тігілген. 1874 ж. Лабақ Қуат баласының А-ы болған. Бұл А-қа 700 үй тігілген. Мұның сыртында шақырылғандар әруаққа деп малын, сойысын, сабасын және әкеледі. А-та елдің бірлігі мен байлығы, мырзалығы, біліктілігі сынға түседі. А. беру дәулетті адамдардың, ұйымшыл елдің ғана қолынан келген. Абылай ханның асы, Құнанбайдың әкесі Өскенбайдың асы, Қанжығалы Шауыпкел батырдың асы, Керей Сағынайдың асы, дулат Сыпатай батырдың асы бүкіл елге мәлім болып, аңызға айналған. Сағынайдың асына кеткен шығын атақты Тәж-Махал кесенесін салуға жұмсалған қаржымен бірдей болған.А. беру дәстүрі үзілмей жалғасып келеді. 1991 ж. Торғайдағы Ахмет пен Міржақыптың асы, 1992 ж. өткен Көкшетаудағы Абылай ханның, Ақмоладағы Бөгенбайдың, Талдықорғандағы Қабанбайдың астары халықтық дәстүрлердің қайта оралуының көрінісі болды.Әдеб.: Жүнісов А, Бабалар дәстүрі, А., 1992. Ас беру - дәстүр, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси, рухани қатынастар жүйесіндегі атқаратын функционалдық қызметі әр кезеңдердегі тарихи-этнографиялық, ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет пен көркем шығармаларда көбінесе отбасылық салт-дәстүрлер мен діни ғұрыптық жоралар жосындарының ішінде ат үсті ғана қаралып, арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қаралмағаны белгілі. Көпшілік еңбектерде белгілі бір астардың көлемі, асты өткізу тәртіптері, ондағы орындалатын әртүрлі салт-дәстүрлік шаралар мен діни ғұрыптық жоралардың өткізілу (бәйге, балуан күресі, айтыс, жамбы ату, тұл аттың сойылуы, септің таратылуы, қаралы тудың сындырылуы т.б.) ретін суреттеу сияқты астың сыртқы формасын бейнелейтін деректердің тіркелуі басым. Ал астың қоғамдық қатынастарды реттеушілік әлеуметтік-саяси институционалдық рөлі жеке зерттеу тақырыбы ретінде әлі күнге дейін мүлде қаралмаған десе де боларлық.

Дәстүрлі қазақ қоғамының көп қырлы тіршілік қалыбының жоғары өркениеттілікке тән әлеуметтік-саяси ұйымдасу санаты жоғары дәрежеде болып, үйлесімді өмір сүруінің бұлжымастығын қамтамасыз ететін экономикалық-саяси, әлеуметтік және құқықтық қатынастар нормаларының жиынтығы болды. Өйткені салт-дәстүр дегеніміз адам қажеттілігін өтейтін барлық материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтардың тоғысы. Оның ішінде әсіресе қай халықта болмасын өлген адамды соңғы сапарға шығарып салуға байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлері–уақыт тезіне көне бермейтін, ғасырлар бойы өзгеріске ұшырай қоймайтын белгілі бір әлеуметтік-қоғамдық көзқарастардың, идеялық нормалардың ең бір консервативті түрі болып табылады.

Қазақ халқының да өлген адамға байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер тәртібі, белгілі бір табиғи-экологиялық кеңістікті игеру жолында қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік, саяси жүйелердің жиынтығы ретінде этнография ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі десек артық емес. Оның ішінде, әсіресе өлген адамды шығарып салуға байланысты ғұрыптық циклдің қорытынды нүктесін қоятын ас беру дәстүрінің маңызы зор. Бүгінгі күні тәуелсіз еліміздің өзіндік ұлттық-мемлекеттік идеологиялық тұғырнамасын жасау, қалыптастыру мен дамытуда сан мың жылдар белесінен бүгінгі күнге дейін мазмұнын жоғалтпай жеткен, ұлттың ұжымдық ұйтқысының негізі болған салт-дәстүр, әдет-ғұрып заңдарының танымдық, тәрбиелік және құқықтық мәні бар белгілері негіз болуы шарт.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: История

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS