Ответы на вопрос:
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр бауыржан момышұлы –тау тұлға. ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. батыр бауыржан момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. бауыржан момышұлы – іліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. батыр атамыз бауыржан момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары ілік қасиеттерімен елеулі. баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азам көрген жазушы. ол – суреткер. батыр бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы. қазақтың бауыржан момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі. соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы. баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері. ал бұл ойларды жинақтап, мақал – мәтел деңгейіне дейін көтеріп, болашаққа өсиет ретінде жазып қалдыру – тек бауыржан момышұлы сияқты талантты тұлғаның ғана қолынан келетін іс. батырдың өсиет сөздерінің көбі ұлы отан соғысы кезінде орыс тілінде жазылған, себебі бүкіл совет армиясының командирлеріне арналған. қазіргі уақытта бұл өсиеттер екі тілде де қолданысқа ие. батырдың артына қалдырған өсиет сөздерін топтай келе, тақырып жағынан ауқымы кең екендігіне көз жеткізуге болады «елім» деп еңірген ер ұлт, отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. тақырыптарда өзінің дара, дана ойын жеткізуге тырысқан. осы өсиет сөздерінің ішінде көбірек қалам тербегені қолбасшылық, сардарлық, әскери борыш жайында жазылған афоризмдері екен. батырдың өзі , сегіз қырлы бір сырлы «ел деп еңіреген ер» болғандықтан, бар білгенін, бар тәжірибесін өсиет ретінде артына қалдырған. бұл өсиеттердің зор құндылығы жан тебірентетін білгірлікте. батыр тек қана еуропалық және ресейлік әскери ғылыммен, әскери өнерге сүйенбейді, өз ата-ң жауынгерілк дәстүрлеріне арқа тірейді. «білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «ер намысы – ел намысы», «ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді » секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін бауыржан момышұлы орынды пайдаланған. сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне өте жақын, ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрады.. қанатты сөздер жайдан-жай тумайды және оны айтып қалдыру кім болса соның қолынан келе бермейді. ол үшін ғұлама, терең ойшыл, үлкен философ, ақынжанды және өз басы күнделікті күйкілжің өмірден жоғары тұратын ірі тұлға болуы керек. бәукең, міне, сондай . ол кісінің нақылдары сан алуан тақырыпқа арналған: соғыс және бейбіт өмір, тәртіп пен тәрбие, парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен дәстүр, тағы сол сияқты болып жалғаса береді. «намысты нанға сатпа», «ердің туы – намыс». «тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық», «ұшқынсыз от тұтанбас», «өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз», «тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», «тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес» т.б. сөздері жастың да, кәрінің де санасында жатталған ұлағатты сөздер. қазақтың сүт бетіндей қаймағы бар өзіндік парасатты байламы бар баукеңнің ерліктері өз алдына елге айтқан әр сөзінің айғағы бар батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам, болмайды ешқашан да төмен бағаң талай жыл, талай ғасыр өтсе – дағы ерлігіңді ұмытпас келер қоғам. баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, керек. баукеңнің даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық. маңдайдағы наркескеннің өзісің ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің, халқыңменен біргесің сен, жан ата ұмыты тырысайық.  akbope 25.09.2016 жауап берді пікір
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
3175229.06.2022 00:27
-
ramina2504.08.2020 23:53
-
PEWALWIK20.10.2022 03:19
-
Sasha67000020.04.2020 07:22
-
snoopfray09.01.2021 11:18
-
zlodej04.09.2020 21:23
-
захар18201.02.2022 14:37
-
ekaterinabajewa10.01.2023 22:45
-
hofferson24.11.2021 21:57
-
iordanaurikap06yjs13.08.2020 11:48
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.