Ответы на вопрос:
Ұйғыр халқының салт дәстүрлері Баланың тууына, жерлеуге, үйлену тойларына байланысты дәстүрлі әдет-ғұрыптар сақталады. Бұл дәстүрлер ұйғырлардың үйлену тойында анағұрлым айқын көрініс табады. Ұйғырларда қалыңдық үшін өтем – қалың мал берілмейді, күйеу жігіт тек үйлену тойы салтанатын өткізу бойынша барлық шығынды көтереді. Үйлену тойы музыкамен, билермен және дәстүрлі халық әндерімен қатар жүргізіледі. Кешке күйеу жігіт үйінің маңында қалыңдықты үйге кіргізбес бұрын жанып жатқан отты үш рет айналдырады.
Ұйғырлардың баланың тууына байланысты салттары да өзгеше. Қазіргі ұйғырлар баланың тууына, оны тәрбиелеуге байланысты барлық салттарды орындайды: тууы, ат қою, нәрестені салтанатты түрде бесікке салу – «бошук-той», қырқынан шығару – «кирик суйи», дәстүрлі сүдеттеу – «суннэт той» және т.б. Бірінші баласын әйел дәстүрге сәйкес өз ата-анасының үйінде туады. Босануға дейін 20-30 күн қалғанда жас босанушының анасы күйеу баласының үйіне барып босанушыны өзімен алып кетуге – «тилэп елиш» - рұқсат сұрайды. Анасымен бірге сыйлықтары бар туыстары мен жақындары да келеді. Босанғаннан кейін бала мен жас босанған әйелді күту бойынша барлық қам-қарекет анасының мойнына жүктеледі. Жаңа туған нәресте мен оның анасы қырық күн бойы зұлым күштердің әсеріне ерекше ұшырағыш болады деп саналады, сондықтан оларды қорғау керек. Жалпы аналық пен балалыққа қатысты барлық салттар бір мақсатты көздейді, не болса да баланың өмірін сақтап қалу. Босанушыға осы кезеңде кіру шектеулі болады. 12-ші күні нәрестеге ат қойылады, бұл үшін күйеуінің туған-туыстары мен молда шақырылады. Қырық күнге дейін анасының үйіне сыйлықтар мен дайындалған тағамдар алып әйелдер келеді, бұл олардың анасының қызын күтуіне көмегі болып саналады. Қырықыншы күні баланы жуындыру рәсімі – «кирик суйи» өткізіледі. Бұл үшін бір ыдысқа бір салым тұз, адыраспан, 1-2 кесек шақпақ қант, тиын салынады. Барлық қатысушылар екі ағаш қасықпен су құйылған ыдыстан суды бос ыдысқа құяды. Бұл рәсімге қатысушы әрбір әйел нәрестеге өз тілегін айтуы керек. Осы суда, оны біраз жылытып, баланы жуындырады, сосын алғаш рет шашы мен тырнағын алады.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
amirgrossman09.05.2022 04:00
-
vipmopmop03.04.2021 13:27
-
valenkov0527.09.2020 09:28
-
zalikmap08ic731.12.2020 20:48
-
ubfhbc12.03.2021 03:12
-
Ha4uk24.04.2022 12:16
-
ANONIM23506320.01.2022 18:42
-
Samira54322.07.2021 14:24
-
suleymanovrusl17.05.2020 05:38
-
Kolyabu20.01.2022 04:03
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.