Оқылым. 9-сынып. Байлық дегеніміз не? Бесінші сыныпта «Байлық дегеніміз не?» атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-
бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр. Мұғалім үстел бетіндегі қағаздарга
қарап, іске кірісті.
Балалар, байлық дегеніміз не?
Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді.
Байлық дегеніміз – көп ақша, жаңа машина, — деп ойланып қалды.
Отыр, Сәбит. Тағы кім жауап береді?
Келесі Алмас қол көтерді.
Байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады.
Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді.
Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлаубек, сен айта қойшы!
— Байлық дегеніміз-кітап, білім,- деп жауап айтты.
Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап.
Біраз уақыттан бері қол көтеріп отырған Сәулеге де сөз берілді.
— Біздің үйде түрлі-түсті теледидар, бейнемагнитофон және жаңа үй жиһаздары көп. Байлық
дегеніміз осы.
— Жақсы, отыра бер.
Бұдан кейін Серік, Нұрболат, Құралай есімді оқушылар үйдегі байлықтарын ортаға салды.
Оқушылардың берген жауаптары мұғалім көңілінен шықпады.
Бір кезде оның көзі артқы партада үндемей, өзімен-өзі отырған Аманжолға түсті.
Аманжол, сен неге үндемей отырсың? Қане, байлық дегеніміз не? Айта қойшы.
Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық – әкем мен анам, — деп жауап берді.
Мұғалімге оқушының жауабы қатты ұнады.
— Көрдіңдер ме, балалар, байлық дегеніміз тек ақша емес) Сендердің ең бірінші байлықтарың –
Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан әрқашан
отбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген – осы.
Бұл жауаптан кейін ешкім қол көтермеді. Оқушылар ойланып қалды.
Мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Бірінші байлық дегеніміз не?
В) Отбасы тәрбиесі қандай?
C) Қалай бай болуға болады?
Д) Ашық сабақ қайда өтті?
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Сайлаубек байлықты кітап оқу деп түсінеді.
B) Балалардың байлық туралы түсініктері бірдей.
C) Сәуле байлықты теледидар көру деп түсінеді.
Д) Балалардың байлық туралы түсініктері жоқ болып шықты.
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) байлық, кітап, білім, жиһаз
B) мұғалім, ашық сабақ, оқушы, байлық
С) отбасы, байлық, теледидар, көзқарас
Д) байлық, ата-ана, ашық сабақ, бейнемагнитофон
4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Байлық туралы Аманжолдың ойы қандай?
А) Адамға керегі – жиһаз, ақша..
B) Байлық дегеніміз – кітап, білім.
C) Өмірде ең басты байлық – әке-шеше.
Д) Адам үшін бірінші байлық – алты бөлмелі үй.
5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Аманжолдың ата-анасы.
В) Отбасы басты байлық болып саналады.
C) Байлық-денсаулық кепілі бола алады.
Д) Мектепте ашық сабақ өткен.
100
432
Ответы на вопрос:
Табиғатты біз не дейміз? тіршілік көзі дегеніміз не? не сіз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес? су не сыйлайды?
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
asn8506.09.2022 12:11
-
Sovka12332328.10.2022 12:30
-
mariakhh200603.07.2020 06:26
-
tryx105.03.2022 12:19
-
Sofia878720.06.2020 12:16
-
Dimn1118.05.2021 03:38
-
risha523914.10.2022 05:31
-
кіндра25.05.2022 00:00
-
dimus9904.11.2020 19:52
-
EMP2427.10.2021 22:25
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.