Есть ответ 👍

Марат Қабанбай ««Бауыр» әңгімесі. 1-саба мр»
Үзіндіні мұқият оқы. Үзіндіде автордың нені сипаттайтынын анықта.
«...Сол, соның нақ өзі. Төрекелді тұяғының сынығы. Кешегі қанды соғыста Сымбаттан өзгесі баудай түсіп, Манап
пен мына қара құлақ Қали баладан басқа тігерге тұяқ қалмаған Төрекелдиевтер үйірінің кенже құлыншағы.
Адамның кенет не дұрысқа, не бұрысқа көнбейтін өліара сәт қой, екі қолын қайда қоярын білмей, абыржып
қалмасы бар ма? Ақыры арқасына айқастырып салды да, бұтағын шауып, сыпырып алған сырғауылдай сидия
қалды».
соғыс уақытының қиыншылықтарын
Қалидың түр-әлпетін
Төрекелді ұрпақтарын
алғашқы кездесудегі ағаның толқуын
M Тексеру
Артқа

218
302
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

катюха282
4,5(34 оценок)

ОҚарағайдай қара дипломатын жерге қойды. Пиджагын шешіп қолына алды да, Алматыдан ілесе келген шаңын қақты. Вагондағы берекесіз у-шу мен құлағында қалып қойған поезд доңғалақтарының үздіксіз сартылы біртіндеп тынып, ізім-қайым өшкенше тырп етпеді.

Ең алдымен табаны тиген жердің күнін көзіне салды. Күн сүйген, аптап апшысын қуырған қыр баласы қайда жүрсе де сөйтеді. Сібірдің жаңа түскен жас келіндей жасқаншақ күні аспанның оң шекесінде ілулі тұр. Білегіндегі сағатына қараса, төртке бес минут қалыпты. Екі күн бұрып төрттен он минут кете Алматыдан аттанған. Астананың шыжып тұрған шақар күні жанын қоярға жер таптырмап еді. Омскінің ұялшақ күні, керісінше, жанға жайлы. Тамыздың құйрығынан тұтам қалса да, теректердің сыны кетпей, жап-жасыл күйі жайқалып тұр. Қаланың қай тірлігінен болсын, біртектілік байқалады. Абыр-сабыр етіп жатқан адамдар берекелі үйдің балаларындай ортақ тілде сөйлейді, кейіп-кескін жағынан алсаң да, екінің бірі, егіздің сыңарындай ұқсас. Алматыда бәрі басқаша. Шығыстың базарындай шулы вокзалы араның ұясындай гуілдеп жататын. Ал Омскіде жүріс-тұрыс аз, биік қабақ вокзал алды саябыр.

Вокзалдың қалаға қараған бетіне шықты да, шахмат бүйір таксиді тоқтатты. Тізесі иегіне тиердей екі бүктеліп отырған сарғыл шашты көк кез жігіт «жаһұт әлде бурятсың ба?» деген сыңайда Манаптың жүзіне сынай қарады.

− Қайда барасыз?

Іле таксидің құйтақандай транзисторының құлағын бұрап қалып еді, Алла Пугачева: «Не жди меня, ничего не говори мне...»- деп, жазықты біреуге ұрса жөнелді.

Кеше атын, үй санын атады. Шырпып қырқылған шашын бес саусағымен тараған көк көз жігіт ойланды. Жылдамдық ауыстырғыштың қызыл бүйі пластмасса қалпағын умаждай қысып еді, қолының сыртына тарам-тарам көк тамырлары адырайып шыға келді. Манап тықыршыды. «Өзі тұратын қаланың көшесін білмей ме? Жұмысқа жаңадан орналасуы да...» Дегенше маңдайы әжім жинап, дем арасында қартайған жігіт қырылдай сөйледі.

− Балалар... үйі ме?

− Иә.

− Отырыңыз!

Қатарына жайғасты да, су жаңа шалбарының қыры сынбасын деп тізелігін саусақ ұшымен шымшып, төмен тартты. Қабағын түйген шофер бір ойға салынып отырды, отырды да газды басып қалды. Танауы таңқиған ашық жасыл «Волга» қайқая жүзіп қуықтай кешеге түсе берді. Манап жымиды. «Екінің бірі - не ұйқысы қанбаған, не қасқаңның күндік нормасы күйіп бара жатыр».

Таксилетіп жүрген қаласы сонау Петр патша заманынан қалған сән-салтанатты әр алуан ғимараттарға мейлінше мол, айта берсе, шығыстық нақыштағы сарайлар да ара-тұра ұшырап қалатын будан қала деп естіген. Мойнын оң, солға қылт-сылт бұрып, қарсы алдынан биік үйлер қалқып шыға келсе, еңкейе қалып маңдай әйнектің астынан сүзе қарап, берекесі кетіп отыр еді, мылқау шоферге тіл бітті.

− Кіміңіз?

− Кімді айтасыз?

− Балалар үйінен кімді іздеп келе жатырсыз?

− Інімді...

− А-а...

Содан тұнжыраған жұмбақ жігіт көк, жасылға кеңірдегінен тоғытылған үш қабатты кірпіш үйге жеткенше тіс жарған жоқ. Такси тоқтағасын да кең ашылған көзін жалғыз нүктеге қадай мелшиіп отырып алды. Шалбарының қалтасынан ақша іздеп, қопаңдаған Манапқа пысқырып та қараған жоқ. «Мұндай мінезден сақтасын. Кешке қарай еркелеген бала-шағасы мойнына асыла-асыла кеткенде де өстіп қоқырайып отырып ала ма екен? Әлде таңертең көкдолы әйелі төбесіне шай қайнатып, құлағын сарсытып жіберді ме?»

Кінәз мінез шофер жігіт Манап ұсынған су жаңа шытырлақ үш сомға немқұрайды көз салды да, күңк етті.

− Керегі жоқ.

«Бәсе-е... Қабағынан қар жаууы жаман еді. Азсынды...»

Манап дыбырлай жөнелді.

− Қойыңыз... Міне, төрт сом. Мемлекеттің көлігі... Жанармай құс сүтіне татыған мына заманда...

Жігіт қолын сілтеді де, еңкейе созылып қалып - шуалшындай иретілген мұндай ұзын болар ма − Манап жақтағы есікті шекеден нұқып, шалқалата ашып тастап: − Жолыңыз болсын!- деді.

«Қызық...- деп ойлады көшенің мүйісін құйрығымен қағып тастап, әрі айнала берген таксиді көзімен ұзатып салып тұрып. Таксишілер көліктің қаны жерге тамбай тұрған аэропорт, вокзалдарда аш қасқырша жалаңдап, жыланы қайтпай тұрушы еді... Қызық...»бъяснение:

rahmaevrail201
4,7(14 оценок)

Міне ребус! мақал-мәтелге байланысты

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS