ответь на вопросы по 2-м текстам. 1мәтін
Біздің Қазақстан
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әртүрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әртүрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған 18 жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әртүрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1.Мәтін мазмұны бойынша Қазақстан қандай мемлекет екенін көрсетіңіз.
А) Бір
В) Аз
С) Биік
Д) Көп
Е) Сақ
2. Қазақстандықтардың қалауы неде белгілеңіз.
А) Бірлік және саяси тұрақтылық
В) Білім, татулық келісім және экологикалық тұрақтылық
С) Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық
Д) Білім, достық келісім және экономикалық тұрақтылық
Е) Бостандық, достық келісім және экономикалық тұрақтылық
3. Мәтінге байланысты мақал- мәтелді табыңыз.
А)Ағадан – ақыл, Атадан – нақыл.
В) Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
С) Денсаулық — зор байлық.
Д) Қағазға тіл бітірген - қалам, Жансызға жан бітірген - адам.
Е) Ұлтың жамандаған у ішер.
4. Мәтінде өмірдің қиын кездерінде,қандай пікірлер қалыптасқанын анықтаңыз.
А) ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әртүрлі ұлт өкілдерінің пікірлері қалыптасқан
В) ауыр жұмыстарда пікірлері қалыптасқан
С) әр түрлі жұмыстарда пікірлері қалыптасқан
Д) жеңіл жұмыстарда,келіп жатқан күндер пікірлері қалыптасқан
Е) осы жұмыстарда,келіп жатқан күндер пікірлері қалыптасқан
5.Мәтінде әр Қазақстан азаматы не білуі керек екенін белгілеңіз.
А) Біріккен ұлттар ұйымы
В) Халқын , ойын мен мінезін
С) Тілін, тарихы мен салт-дәстүрін
Д) Киімін ,үй жануарларын мен көліктерін
Е) Халықаралық валюта қорын
2 мәтін
Алтын бесік
Менiң туған жерiм – Көкшетау, шыңын мұз басып қатқан биiк таулар емес, төбесiне оп-оңай шыға беруге болатын аласа таулар... Мiне, сондай таулардың бiрiнiң етегiндегi көл жағасында менiң туып- өскен ауылым қоныстанған. Таудың аты – «Салпық». Ал оның iргесiндегi 17 айдынның аты – «Шұңқыр көл» деп аталады. Ауылдың аты сол есiмiне қойылған. Бiз бала кезiмiзде жазда Салпық тауының бауырына шие, бүлдiрген теруге баратын едiк... Ал көл жағасы қандай тамаша едi. Ыстық күндерi Қасынан шықпайтынбыз. Арқаны күнге қақтап-қақтап алып, жүгiрiп келiп суға қайта- қайта күмп-күмп берiп құлайтынбыз. Бiзден әрiректе тереңдеу жерде мойындары жiп-жiңiшке шүрегей үйректер жүзiп бара жатады. Жақындасаң тереңге қарай ұзай бередi. Дауылды, желдi күндерi көл бетi бұйраланып, дөңбекшiген толқындары жағаны ұрып, көбiк шашып жатады. Әлденеге ашуланған сияқты мiнез танытады. Туған жер – алтын бесiк. Әлдилейдi, тербетедi. Қиялыңды ұштайды. Мен бесiншi класта оқитын едiм. Туған жерге деген сезiмiмдi дауыстай айтқым келдi. Өзiмiздiң Салпық тауы туралы, оның iргесiндегi кiшкене көл туралы өлең жаздым. Әлемде Салпықтан асқан биiк тау жоқ, әлемде Шұңқыр көлдей үлкен көл жоқ деп ойпаттадым. Олар маған, шынында да, солай көрiнген. Ауылдан алысқа ұзап шықпаған кезiм, басқа тауды да, басқа көлдi де көрмеген едiм.
1 Мәтінде қай қала туралы айтылғанын көрсетіңіз.
А)Астана
В) Алматы
С) Көкшетау
D)Павлодар
E) Қызылорда
2. Мәтінде берілген аудың атын анықтаңыз.
А) Салпық
В) Шұңқыр көл
С) Сарыарка
D) Тибет
E)Тянь-Шань
3.Мәтінге сәйкес мақал - мәтелді табыңыз.
А) Ағадан – ақыл, Атадан – нақыл.
В) Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
С) Денсаулық — зор байлық.
Д) Қағазға тіл бітірген - қалам, Жансызға жан бітірген - адам
Е) Туған жердің жуасы да тәтті.
4. Сөйлемнің жалғасын табыңыз «Туған жер-»
А) Отан
В) Ана тілі
С) Алтын жер
D) Алтын қалам
E) Алтын бесік
5. Мәтіндегі көлдің атын көрсетіңіз.
А)Балқаш
В)Шұңқыр
С)Арал
D)Обь
100
376
Ответы на вопрос:
мектеп димитров көшесінде орналасқан. мектеп үш қабатты. бірінші қабатында кітапхана бар. кітапхана үлкен,кең, жарық. терезелері аулаға қарайды. кітапханада қазақ,орыс, басқа елдердің ақын-жазушыларының шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. алматыда үлкен кітапхана бар. ол ұлттық кітапхана деп аталады. бұл кітапханаға ғалымдар, мұғалімдер, студенттер, оқушылар келеді. онда көп оқу залдары бар. кітапхананың қоры үлкен. бұл кітапханада көп болады.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
pudish16.02.2023 12:29
-
Furum07.02.2021 05:44
-
Dikaya2406.04.2020 07:18
-
АнисаСакинаМедина17.11.2020 19:25
-
konulrzayevaa209.04.2020 00:09
-
timkazhimov16.10.2021 19:31
-
MASTER2557516.11.2020 04:30
-
kozina57421.04.2023 18:04
-
Воряк08.02.2023 01:01
-
abubakar0031.08.2020 22:00
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.