Ответы на вопрос:
Қазір біз елсіз әрі сусыз шөл даланың шетінде тұрмыз. Артымыздан өзінің жер қайысқан әскерімен Дарий келе жатыр. Егер осы бетте соңымыздан еліктіріп ертіп тура жүре берсек, оларды шөлдің қақ ортасына шейін апарып, сеспей қатыруға болар еді. Өмір адамаға бір-ақ рет беріледі, күндердің күнінде, бәрібір, әйтеуір ажал алмай қоймайды. Ендеше, келешек ұрпақ сені туған жерің үшін, өзіңнің халқың үшін өмірін қиған адам ретінде есте сақтайтындай етіп өлген жақсы емес пе! Мен өз борышымды өтеймін. Бірақ сендерге айтар өтінішім де бар: мен өлгеннен кейін балаларыма қамқор болыңдар, олар ештеңеден мұқтаждық көрмесін, жетімдік тақсіретін сезінбесін. - Шырақ! - деп жауап берді скиф патшалары. Сен осы далада өмір бойы жылқы бақтың, мұндағы әрбір шұқанақты білесің. Біз балаларыңды қамқорлыққа алуға уәде береміз. Олар жетімдік көрмей, өмір бақи арғымақ ат мініп жүретін болады. Олардың бастарына, тіпті, құс қанатының да көлеңкесі түспейді! - Ал енді, - деді Шырақ, - мені қидалап-кескілеңдер, бетімді өне бойымды сау жер қалдырмай тілім-тілім етіңдер, құлақтарымды кесіп құнтитыңдар, мұрнымды кесіп шұнтитыңдар. Сөйтіп, жарақаттап, ит-қор етіп, парсылардың жолына лақтырып тастаңдар. Әйтпесе, олар маған сенбейді! Бірақ скифтердің батырға зақым жасауға батылдары бармады. Сонда ол өз пышағымен бетін, бүкіл денесін кескілеп тастайды. Сөйтіп, көп ұзамай парсыларға қанға боялған күйінде жолығады. Парсыларды көрген бойда Шырақ айқай салды: - Құтқарыңдар мені! Қараңдар олардың маған не істегенін! Қайткенде есемді қайтаруым керек. Мен сендерді айналма жолдармен алып жұріп, скиф әскерінің ту сыртынан шығарамын. Мені қорлап- жәбірлегені үшін олардан қалай да кегімді аламын! Сөйтіп, Шырақ парсылардың сеніміне кіріп, оларды шөл даланың шалғай түкпіріне бастай жөнеледі. -Төңіректегі құдықтар түгел уланған, шөбі өртелген, - деді Шырақ парсыларға. - Бұл жерлерде су жоқ. Біз келе жатқан жол - жалғыз жол. Мұны тек мен ғана білемін. Олар осылай жеті күн, жеті түн жүрді. Дарийдің сарбаздары шөл мен аптап ыстықтан ауырып, өле бастады. Ақыры патшаның сабыры таусылды. Оның Ранасбат деген сардары семсерін ала Шыраққа ұмтылды. - Уа, жеңіс деген осы! - деп шаттана дауыстады Шырақ. - Мен өзімнің ата-бабаларымның жерін жаулап алғысы келген парсы патшасы Дарийдің әскерін жалғыз өзім жеңдім. Сендерді жан-жақтарыңнан елсіз, сусыз ен дала, қу медиен қоршап тұр, қай жаққа жүрсеңдер де мейілдерің, еш жерден елді де, суды да таппайсыңдар. Шөлден шығу үшін жеті күн жол жүру керек. Ал мен кіндігімді кескен туған жерімде қаным төгілетіні үшін және сүйегім осы арада жерленетіні үшін бақыттымын! Ашу кернеген Ранасбат семсерін сермеп қалды. Шырақ туған жердің құмын құшақтай құлады. Бақташының құлақ естімеген қылығы, жан тітіреткен ерлігі парсыларды қатты сескендірді. Олардың бойын үрей биледі. Қайда барарларын, не істерлерін, қалай жан сақтарларын білмей дағдарды. Қырғыннан құтылатын жол жоқтай көрінді. Бақташы Шырақтың парсыларға құрған осы қақпанында жау қолының тең жартысы ажал құшты. Қалған жартысы асығыс арттарындағы скиф сахарасында оралды, Истр өзеніндегі көпірден өтіп, өз елдеріне безе қашты. Сөйтіп, жеңіс іздеп келген жаудың қаншасы қу медиен, құла дүзде қаталап өлді, қаншасы құм астында жатып қалды! Ал Шырақтың есімі, оның ерлігі туған жерді қорғау жолындағы, бостандық жолындағы қаһармандық пен жанқиярлықтың үлгісі ретінде ғасырлар бойы өшпей жасап келеді!
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
Natsha8820.11.2022 22:31
-
sarinasergeeva02.02.2020 12:02
-
Maria59098619.06.2020 02:18
-
morfikk29.09.2022 13:31
-
steamlox130.07.2020 15:16
-
dinara16901.10.2022 03:55
-
ArhangelTYT12.02.2022 19:09
-
GBNMK15.06.2021 15:18
-
OlgaStarikova28.03.2023 01:04
-
200619790987613.12.2021 14:29
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.