Есть ответ 👍

ПОМАГИТЕ НЕ удаляйте
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер

«Айқаптың» өткен жылғы үшінші нөмірінде Шәкәрім мырза бес ауыз сөз жазып жауап
сұрады, сол бес ауыз сөзінің екіншісінде: «Адамға тіршілігінің керегі не үшін?» – деді.
Бұл сөздің шешуін тауып, лайықты дәлел келтіру оңай іс емес. «Адамзатқа тіршіліктің
не үшін керегі бар деп білу керек?» деген сауалына әр заманда түрлі халықтың
данышпан адамдары өз ойларынша түрліше жауап береді: «Құдайға құлшылық қылып,
құдай жолын қуып, нәпсіні біржолата тыю керек, осыдан басқаға ғұмырды ӛткізбесе,
сонда адамның жаны тыныш тауып, тәні мұңлықтан құтылады», – деп бірталайлары
айтты, басқалары айтты: «Жақынға, туысқанға, барша жан-жануарға жақсылық қылу
керек, міне, адамға тіршілік бұл үшін керек», – деп. Әлбетте, адамға жан беріліп,
дүние жүзінде жүруге ғұмыр берілген соң, ол ғұмыр жеп-ішіп, ұйықтап тұруға ғана
болмауға керек, ол үшін ғана болған уақытында адам менен хайуан арасында ешбір
айырма (парық) болмайды. Адамға ойларға ақыл берілді, бір-бірімен сөйлесуге тіл
берілді, олай болған соң адамзатқа тіршілік бекерге, босқа ғұмырды зая қылып
ӛткізуге берген болмайды. Не үшін бізге тіршілік керек деп білеміз?
Бұл турада қазақтың бұрынғы заманындағы қариялары, ойшылдарының айтып кеткен
сӛздерінің ішінде жауап табыла ма деп ойлаймын. Бұрынғыдан қалған сөздердің
мағынасы көп, ойлары терең болушы еді, бұрынғылар: «Жақсылықты басыңа қыл,
басыңнан асса досыңа қыл» деген екен. Осы сӛзден Шәкәрім мырзаның жоғарыдағы
сӛзіне жауап табылады десек, қате болмас дейміз. Тіршілік немен болу керек? «Әуелі
жақсылықты ӛз басыңа қыл, ӛзіңнен артылса досыңа қыл». Міне, тіршілік осыменен
табылады һәм соныменен кӛркем болады...» – дейді екен.Ол сөздің мағынасы біреуге

1

келген пайда, біреуге залал яки қиянат, зорлық болмау керек, мұнда жақсылық
болады. Болмаса біреуге деген жақсылық біреуге зорлық болған уақытта ол жамандық
болып табылады. Адам өз басынан асып басқаға пайда келтірерлік болса, сонда
«досына қылсын» деген. Ал «дос» деген сөздің мағынасы не болмақ? Құда, тамыр,
ағайын-туған яки көңілдес кісіні айта ма, жоқ болмаса басқа адамдарды дос деуге бола
ма? Бұл сөз «туған, туысқан, ру» деген сөздерден аулағырақ болып, дұшман болмаған
кісілердің һәммесі дос болып табылады» деген мағынада болар деп ойлаймын. Біздің
қазақ ғұрпында қай заттан болса да ел ішіне келген адам, нәсіліне қарамай, бәрі бірдей
құрметті болады, бәрі бірдей қонақ болып кӛрінеді. Бұл ғұрып, бұл қонақылық «дос»
деген сөзді жоғарыда айтылған мағынада ұғуға бір дәлел. Қазақтың қарияларының
айтып кеткен сӛзіне қарағанда, тіршіліктің қызығы адамзатқа жақсылық қылуменен
болып кӛрінеді. Осы айтылған сөздерменен Шәкәрім мырзаның үшінші сұраған
сауалына жауап табыла ма деймін. Қандай адам жақсы кісі болмақ керек? Сондай адам
жақсы, кімде-кім жетім-жесір, кәріп-қасар, қысылғанқымтырылғандарға жақсылық
қылып, оларды қуантып қойса. Ал енді, бұл күнде жоғарыда айтылған қариялардың
сӛзі бойынша біздің халықта іс қылған кісі бар ма? Көз салып тұрсақ, бұл заманда
досына жақсылық қылған адамдар кем ойлағаны ел билеп, хүкім жүргізу. Ол ел билеу
деген теріс болмас еді, елге пайда келтіретін болса, билеріміз қара қылды қақ жарған
ғаділ болса, болыстарымыз жұрт қамын жеп, жұрт сӛзін сӛйлеп қорған болса, сонда
болыстық, билік – жақсы бір дәреже деп масаттанар еді. Ел билеген жақсылардың
ойлағаны ел қамы болмаса, әрқайсысы ӛзінің пайдасын ойлап, мұқатқаны ағайын-
жұрты болса, билерде әділет болмаса, енді жақсылықты жұрт қайдан күтпек керек?!
 Автор Шәкәрімнің қандай сұрақтарына жауап іздеді?
 Неге бұл сұрақтардың шешімін табу оңай емес деді?
 Адам тіршілігі не үшін жасайды?
 Адамның жасайтын тіршілігі мен оның өзін өзі сүюін байланыстыратын не?
 Өзін-өзі шынайы сүйген адамның қасиеттері қандай болуы керек?
 Өзіңізді керемет жақсы көрген сәтіңіз болды ма? Мысал келтіріңіз.

203
367
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

iweriooo
4,5(68 оценок)

Какая природа на озере алаколь? почему озеро назвали алаколь? что еще вы знаете о алаколь? где находиться озеро алаколь? извини 4 вопроса!

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS