Есть ответ 👍

«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» және «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік
мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай
отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу

1-тапсырма
Мәтіндегі негізгі , қосымша және детальді ақпараттарды анықтаңыз.
Жауырыны жерге тимеген Дәулет

«Мұндай палуандарды сирек кездестіресің. Онда таңғажайып талант бар! Шеберлігінде шек жоқ, нағыз гауһар. Атақтың ешқандай құпиясы жоқ. Дәулеттің құпиясы оның мінезінде жатыр. Оның бойында қазақтың дархандығы, мақсатқа жетудегі табандылық, шынайылық,жомарттық пен мейірім бар!» – дейді ол туралы бапкері Геннадий Андреевич Сапунов.Бапкері – палуан, күрестен КСРО, Еуропа, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, КСРО, Белорусия мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сидней олимпиадасында
Қазақстан құрамасына жетекшілік еткен. 36 жылдық бапкерлік қызметінде Олимпиаданың 20 чемпионы мен әлемнің 50 чемпионын тәрбиелеген. Ал Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - 1963 жылдың 18 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның
жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, ХХIV-XXV Олимпиадалық ойындардың күміс, қола жүлдегері болған. 1995, 1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Қырғызстан олимпиадалық қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденімен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат

Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды тауып, түсіндіріңіз.
 Дәулеттің бапкері кім?
 Дәулет қашан, қайда дүниеге келген?
 Ол қай спорттың түрінен спорт шебері?
 Олимпиада ойындарындағы жетістігі қандай?
 Саясаткер ретінде кім болды?

2-тапсырма
Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, графиктік мәтін құрап жазыңдар
Су – а ң өмірі мен экожүйені сақтаудағы негізгі табиғи компонент. Су қоры тапшы өңірлердің экономикасы құлдырайтыны белгілі. Ал еліміздің жалпы су ресурстарына, Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуына қолданыстағы су қорлары ықпал етеді.
Қазақстан қазіргі кезде су қорының тапшылығы аса байқала қоймаған елдер қатарына
жатады.Әйтсе де, Арал–Сырдария және Нұра–Сарысу сушаруашылық алаптарындағы жағдай басқаша.
Еліміздің қалпына қайта келетін су қоры жылына орташа есеппен 100,5 км3-ді құрайды. Соның тек 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған 44,0 км3 – шегаралас мемлекеттерден келетін су қоры. Мысалы, Қытай Халық Республикасынан – 18,9 км3, Өзбекстан Республикасынан – 14,6 км3, Қырғыз Республикасынан – 3,0 км3, Ресей Федерациясынан – 7,5 км3. Сондықтан Қазақстан көрші елдердің трансшегаралық өзендерінен келетін ағын суға өте тәуелді.
Табиғатты қорғау мақсатында өзендер мен көлдердің (экологиялық ағынды) экожүйелерін қорғау үшін жалпы 100,5 км3 су қоры қалыптасуы қажет болса, бізге әр жыл сайын 38,6 км3 қажет. Арналар мен өзендерде қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан, булану, сүзгілеу және Қытай, Ресей сияқты шегаралас мемлекеттерден судың міндетті түрде келіп түсуі тиіс көлемінің жеткіліксіздігінен жылына 29 км3 су жетпей отыр. Оның үстіне су қорының 12,8 км3-і өзеннің ағын суының табиғи өзгергіштігі себебінен толықпай қалуда. Сонымен Қазақстан Респуб қазіргі уақытта су қорының қолжетімді, тұрақты және сенімді көлемі жылына 23,2 км құрайды.
(«Қазақстандағы су ресурстарының өзекті мәселелері» мақаласынан)​

157
200
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

mrnikes2016
4,6(4 оценок)

Відповідь:

Пояснення:

42 әріп бар

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS