Есть ответ 👍

МУЗЫКА ТҮРЛЕРІ Главная
Предметы
Қазақ тілі мен әдебиеті
7-сынып
Музыка түрлері
Жаттығулар
4-жаттығу
Мәтінді оқы, сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендір.
Музыка түрлері
Музыка – әлемдік өнердің бір түрі. Адамзат ежелден музыка өнерін жетілдіріп, дамытып келеді. Музыка өнерінің халық музыкасы, эстрадалық музыка, камералық музыка, симфониялық музыка, хорға арналған музыка, сахнада орындауға арналған театрлық-драмалық шығарма сияқты жанрлық түрлері бар.
Әр халықтың өзіне тән музыкалық өнері бар. Қазақ халқының ұлттық музыкасы ертеден атадан балаға мирас болып келеді. Қазақтың музыкасы түрі, мазмұны жағынан өте бай, сан алуан болғандықтан, кәсіби хор, ән, би ансамблі, опера, халық аспаптар оркестрі, эстрадалық-симфониялық оркестрі тез дамыды. Ұлттық әншілік өнердің дамуын ХІХ ғасырда сал-серілер қалыптастырды. Ал аспаптық өнер – ерте заманнан халқымыздың бойына сіңіп, қалыптасқан ұлттық қасиет. Бұған дәлел – Қорқыт, Ықылас, Құрманғазы, Дина сияқты күйшілердің шығармалары.
Эстрадалық музыка – вокалдық аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын ән өнері. Қазақстанда «Дос-Мұқасан», «Гүлдер» эстрадалық ансамбльдері, Р. Рымбаева, М. Жүнісова, Р. Бағланова, Е. Хасанғалиев сияқты әншілер эстрада өнеріне көп еңбегін сіңірді.
Камералық музыка – музыка аспаптарымен дауысқа арналып жазылған соло, дуэт, трио, квартет, квинтет сияқты түрлі ансамбльдердің шығармалары. Камералық музыка үлкен залдарда орындалады. Қазақстанның атақты триосын А. Ниязова (сопрано), К. Дүйсенбаев (валторна), Р. Бескембирова (фортепиано) құрайды. Еліміздің атақты квинтеті «Астана Опера» симфониялық оркестрінің дарынды орындаушылары А. Шакирова (1-скрипка), Г. Таджикулова (2-скрипка), Жанар Ахатова (альт), К. Ахатов (виолончель) және кларнеттің шебер орындаушысы М. Абаевтан құралған.
Симфониялық музыка – симфониялық оркестрде орындайтын музыкалық шығарма. Симфониялық музыкаға хор, әнші-солистер қатысады. Оның құрамында 50-ден 100-120 адамға дейін болады. Симфониялық оркестр – ішекті, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құрылған оркестр. Гайдн, Моцарт, Бетховен сияқты ұлы композиторлар симфония мектебінің негізін қалаған. Қазақстанның симфониялық оркестрінің әнші-солистері: Б. Төлегенова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, Н. Үсенбаева, М. Мұхамедқызы, М. Бисенғалиев.
Хор – вокалды дауысты музыка. Хорды орындаушылардың ең үлкен тобы орындайды. Хор – әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып ұйымдасқан ұжым.
Бүгінде театрда музыканың сүйемелдеуінсіз ешқандай драмалық спектакльдер қойылмайды.
Аспаптық және вокалдық музыка драмалық қойылымды толықтырады, пьесаның мағынасын ашуға көмектеседі. Сахнада орындалған ән немесе би театрлық-драмалық қойылымды жандандырады.
Орыс жазушысы А. Чехов: «Музыка әлемді жадыратады, әрбір тірі жанға шаттық, бақыт сыйлайды, қиял-ғажайып әлемге самғауға көмектеседі», – деп айтқан. Осыған қарағанда өмірде музыканы сүймейтін адам жоқ шығар.
BILIMLAND
О курсах Вопросы-ответы Карта сайта Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности
МЫ
О нас Купить Офлайн-решения Карьера Контакты
© Bilim Media Group 2011-2020
Bilimland - Award 1
Bilimland - Award 2
ZERO.kz

201
422
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

natachernov
4,5(12 оценок)

Кейіпкерлердің сөздері қандай, фотосы жоқ қой

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS