6603673
08.05.2022 03:33
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Жаңа сөздер қалай жасалады? ​

274
295
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

leetine7
4,7(16 оценок)

Жаңа сөздер (неологизмдер). Абай қазақ тілінің төл сөздері мен тұрақты тіркестерін еркін және өнімді пайдаланумен қатар лексикалық қорды көптеген жаңа сөздермен және фразеологизмдермен толықтырды. Бұған ақынның шығармашылық қорларының кең тақырыптығы, проза жанрына, оның ішінде публицистика мен ғылыми жанрларға баруы, орыс әдебиетінен аударма жасауы және поэтика қажетін өтейтін тың элементтерді іздеу әрекеттері себеп болды.

Абай тіліндегі жаңа қолданыстарды тілдік немесе лексикалық және стильдік жаңа сөздер деп айырып қарастыру қажет. Абай - өз заманын жан-жағынан алып сөз еткен қаламгер. Сондықтан ол, бір жағынан, өз дәуіріндегі қазақ қоғамының рухани және заттық дүниесіне енген жаңалықтарды, соған орай лексикалық қазынасына енген жаңа сөздерді өз тұсындағы тіл тәжірибесінен алып қолданса, екінші жағынан, сол қазынаға біраз жаңа қорды өзі жасап қосты. Әсіресе Абай қаламынан туған жаңа сөздердің дені болып келетін дерексіз ұғым атаулары - оның теология, философия, этика, мораль тақырыптарын сөз етуінің жемісі. «Қара сөздер» деп аталатын прозалық туындысында қоғам өмірі, қоғамның заң-законы, адамның мінез-құлқы сияқты тақырыптарды сөз ету үстінде бұрынғы кейбір атауларды жаңаша ұсынуға, жоқтарын жасауға, барларының мағынасын айқындап бір ұғымда тұрақтандыруға мәжбүр болды.

Жаңа сөздер жасауда Абай 1-көзекте жұрнақ, жалғау, содан соң мағына жаңғырту, сөз тіркестіру амалдарын пайдаланды. Олардың бірқатарын тұрақтандырып, терминдік дәрежеге көтерді. Мысалы, -лық жұрнағы арқылы тоқтаулылық, байлаулылық, тиянақсыздық, қорғалауықтық, күлкішілдік, өршілдік т.б., мақ жұрнағы арқылы сөзбек, сүймек т.б. тәрізді туынды тұлғалар жасап, оларды нақты дерексіз ұғым атаулары етеді. Мысалы, «әрбір нәрсеге қызықпақтық», «Арылмас әдет болды күлкішілдік», «Өршілдікпен лағынетке болған душар», «Адамзатқа не керек: сүймек, сөзбек, кейімек». «Ішпек, жемек, кейімек, күлмек, көңіл кетермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мәнсап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар». Абай қаламынан туған жаңа элементтердің бір тобы - лексикаланған тіркестер, яғни көбінесе екі сөздің тіркесінелық жұрнағы жалғасып, бір дерексіз ұғымды білдіретін күрделі атаулар. Мысалы: қызбабастық, әсемсалдық күлкі тоқтық, өнер жоқтық, есі барлық, зор болғандық, адам жаулағандық сияқты тіркестер қазақ әдеби тілінде Абайға дейін көздеспеген тұлғалар. Абай мұндай жаңа тіркестерді өлеңдерінде де, прозасында да жүйелі түрде қолданып, лексика қазынасына қосқан.

Объяснение:

Ala012447
4,7(27 оценок)

ответ:суретi корсетш

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS