Есть ответ 👍

Қандай организмдер автотрофты қоректену тәсіліне ие?​

150
380
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

danisov2003
4,6(47 оценок)

Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын жасыл өсімдіктер және хемосинтез процесі үшін химиялық қуатты пайдаланатын кейбір хемотрофты бактериялар жатады. Автотропты ағзалардың табиғатта маңызы өте зор, олар адам және жануар синтездей алмайтын барлық органикалық заттарды құрайды.

Автотропты ағзаларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (паразиттер мен сапрофиттерден басқа), балдырлар және кейбір бактериялар жатады. Автотропты бактериялар органикалық заттарды минералды қосылыстардан синтездейді. Ол үшін химиялық реакциялар (хемоситез) қуатын пайдаланады. Мысалы, топырақ бактериялары -нитросомонас және нитробактер аммиакты азот қышқылының тұзына дейін тотықтырады да, одан босаған қуатты денесін құруға пайдаланады. Кейбір микроағза жасушасында хлорофилл тектес пигменттер болғандықтан, синтездеу процессіне қажетті қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші Автотропты микроағзалар деп атайды.[1][2]

Автотрофты организмдер[3](грек. autos – өзі және trophé – қорек)– қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер. Аутотрофты организмдерге жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады.

Автотрофты бактериялар минералды заттардан (H2SNaNO2NH4OH)органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады.

Мысалы,топырақтағы нитросомонас және нитробактериялараммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да,

одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады.

Кейбір микроорганизмдер денесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажет қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші автотрофты микроорганизмдер деп атайды.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар да денесінде хлорофилл болғандықтан қарапайым қосылыстардан — көмір қышқыл газдан — күрделі органикалық заттар түзу процесінде күн сәулесінің қуатын пайдаланады.

Кейбір Аутотрофты организмдер витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттарды қоршаған ортадан алып отырады.

Аутотрофты организмдердің басым көпшілігі СО2-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мысалы, метан түзушілер) СО2-ні басқа жолмен сіңіреді. Осыған байланысты көміртегі көзі ретінде метанды пайдаланатын бактерияларды да Аутотрофты организмдерге жатқызу жайлы пікірлер бар.

A.

Ульва балдыры.

Аутотрофты организмдердің табиғатта маңызы өте зор. Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органикалық заттарды жинақтайды.

Аутотрофты организмдер —биосферадағы органикалық заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші Аутотрофты организмдер ерекше орны алады, себебі олар биосферадағы органикалық заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162×109 т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді. Басқа Аутотрофты организмдер үлесі онша көп емес.

Аутотрофты организмдер әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және де табиғаттағы заттардың биогеохимиялық айналымына маңызды ықпал етеді. Аутотрофты организмдер тағамдардық заттарды бүлдірмейді.


В Україні 459 міст, 886 селищ міського типу, 27163 села та 1323 селища.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: География

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS