FUNNIAO
15.08.2022 00:17
История
Есть ответ 👍

Алтын ұрпақтың міндеті не? ​

136
247
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

yadlos38
4,6(98 оценок)

Қазақ этносы үшін ұрпақтың маныздылығын А.Қайдар былай атап өтті: ... өмірге қазақ болып келіп, қазақ қауымында өсіп-өнген адам ағайын-тумалары мен жекжат-жұрағатына ыждағатпен қарағанмен, қашанда өз кіндігінен тараған ұрпағына өзгеше мəн бергені белгілі. «Ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырам» деп, шарқ ұрып, елін жаудан, есігін құрттан, малын жұттан сақтап, білек сыбана еңбек етіп келеді».

Ұрпақты біз үш түрлі, бірақ бір-біріне жақын мағынада түсіне аламыз.

қазақтың дәстүрлі ғұрпы бойынша бір атадан өрбіп жалғасқан он атаға дейінгі туыстас үрім-бұтақ. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат, туажат, жекжат, жұрағат. Ата салты бойынша араға жеті ата толған соң, яғни ұрпақ жүрежатқа жеткеннен кейін “Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық” деп есептеген. Мұндайда екі ақ боз үй тігіліп, ақ боз бие құрбандыққа шалынып, ақсақалдардың бәтуасымен әр ауыл өз алдына енші алысқан. Осыдан кейін екі арада қыз алысып, қыз беріскен құдандалық қарым-қатынастар басталған;

халықтың табиғи өсіп-өнуінде ата-ана, балалар, немерелер — туыстығы жалғасқан үш ұрпаққа жатады; әке мен бала, шеше мен қыз туған уақыт аралығы ұрпақтың ұзақтығы деп аталады (30 жылға жуық);

демографияда — әдетте бір жыл бойына дүниеге келген адамдар; ұрпақтардың тұрғылас, қатарлас өмір сүруі, өзара қарым-қатынаста болуы халықтың өмір жасының құрылымын құрайды.

Ұйым қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін физикалық, әлеуметтік, Ұйымдастырушылық және экономикалық шарттардың жиынтығы.[1]

Қазіргі қазақ тілінде ұрпақ сөзі көп мағынаны береді. Мәселен, Қазақ әдеби тілінің 15 томдық сөздігінің 14 томында алты түрлі мағынасын атаған: Бірінші мәні – ұрпақ нақты адамның отбасы. Екінші мағына – келесі ұрпақ. Егер бірінші мағынада аке және оның балалары туралы айтылса, мұнда жалпы акелер және балалар ұрпақтары туралы айтылып тұр. Үшінші мәні – өмір жалғасы, болашағы. Біз үшін ұрпақ сөзінің мәні тек семантикалық құрылымында басты болып келмейді, барлық концептердің блогында: бесік, ұрпақ, бала, ұл, қыз, бірігіп "ұрпақ" мағынасын береді. Қазақтар үшін, ұрпақ - өмірдің жалғасы, мәңгілік өмірді қамтамасыз ету. Сондықтан қазақтар үшін өмірдің мәні, балаларды дүниеге әкеліп, лайықты тәрбие беру. Тұжырымдап келгенде ұрпақ концептінің құндылығы осы мағынаға негізделеді және басқада бірқатар концептердің құрамдас бөлігіне кіреді. Яғни, «туыстық» концептісінің мағынасы келесі ұрпақты тәрбиелеу. Төртінші мағынасы - халық. Осы мағынаға мысал ретінде Т. Молдағалиевтің мынадай өлең жолдары келтірілген.

Соққанда қуаныштың желі бұрқап,

Жарқырар ұлы Абайдың елі шырқап,

Үлкендер бір жиындарда ақыным деп

Еске алар шапағатпен мені де ұрпақ.

(Т. Молдағалиев. Шақырады)

Біздің ойымызша, мұнда "халық" деген сөзді емес, бізден кейінгі бақытты өмір сүретін ұрпақ мағынасын білдіреді. Өйткені “халық” сөзі – ұрпақ мағынасына қарағанда, тұрақты ұғым. Бесінші мәні – балалар. Бұл мән басқалармен салыстырғанда нақты бірінші ұрпақ мағынасын білдіреді. Иллюстративті материал осы сөздерді растайды.

Ұл-қыздарың – ұрпағың,

Еркелеп өссін қасыңнан.

Атағың артсын, қарағым.

Қол үзбей тату досыңнан.

(К. Əзірбаев)

Ұрпақ сөзі басқа сөздермен жалғасып фразеологизм құрап мағынасы ауысады. Мысалы: жаңа ұрпақ, жас ұрпақ, сан ұрпақ.

Мұның бəрі арман ғой қанат талар,

Алыс емес күнім де аяқталар.

Тар кезеңде тартыншақ болғаныма

Келетұғын жас ұрпақ аяп қарар.

(Т. Молдағалиев. Шақырады)

Осы тұрғыда жас ұрпақ концептісінің жаңа мағынасы ашылады. "Ұрпақтар – өмір мен ата-баба ісіне шынайы бағасын беретін адамдар." Келесі мысалда жас ұрпақ фразеологизмі мүлде басқа мағынада айтылады: Ежелгі Оғыз елінің көне қонысына дихангершілік қайта келді, күнге шағылған батыр кетпеннің жарқылы сол: бұл аудан бақ айналып, береке дарыған, салтын сақтаған ел атанды. Ең ғанибеті, өмірдің өзіне қарсы жүзетін жас ұрпақ өсіп жетілді. (Д. Досжанов. Дария). Келтірілген мысал жас ұрпақ фразеологизмінің жаңа бағытын ашып тұр “жас ұрпақ – міндетті түрде өмірге жаңа леп, жаңа идеялар, өзгерту, т. б. енгізеді” қазақтар, бір жағынан, салт-дәстүрлер сақтауы мен сабақтастығын жақтайтын, бір жағынан, өмір сүру салтында міндетті түрде өзгеріс болатынын түсінген, өйткені, тек дәстүрлі және жаңа инновациядардың үйлесімділігі дамудың кепілі болып табылады.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасу фразеологизмінде ұрпақ сабақтастығын жүзеге асыру шарттары айқын көрінеді

геля217
4,7(51 оценок)

Объяснение:

ответы: 1) первым из китайских правителей принял титул императора

2) ввёл единую систему управления страной

если не ошибаюсь

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: История

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS