Есть ответ 👍

Махамбет жырлары асқақ рухтын үні. Эссе. 170 сөз​

258
395
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

kdjdn25
4,6(36 оценок)

Махамбет- таңғаларлықтай табиғи үйлесім тапқан ақындығы мен батырлығын бір ғана мақсат жолына- туған халқының бостандығы мен еркіндігі жолындағы жанкешті күреске арнаған даңқты тұлға.

Ақынның: «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік»- деуінің өзі өнегелі ортада өскен текті атаның баласы екені көрінеді.

Біз ақын поэзиясынан батыр өмір сүрген орта мен дәуір сипатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан елдік діл мен ерлік күрес дәстүрін танимыз.

Махамбет өлеңдері көтеріліс, күрес, тартыс үстінде туды. Оның өлеңдері сол көтерілістің ақындық үні, шежіресі болды.

Махамбет өлеңдері көбінде шешендік өрнекке құрылған- нақыл, терме, толғау түрінде келеді. Мысалы:

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы...

Жаманнан туған жақсы бар

Атасын айтса нанғысыз,-

деген өлең жолдары қанатты сөзге айналып кеткен.

Дауылпаз ақын: «Халқының қамын ойламаған азамат- азамат емес, жігіт- жігіт емес»- дейді. Қаншама жалғыздық тауқыметін, жеңіліс қасіретін бастан өткерген ақынның жүрегінен шыққан сөзі- туған елге, атамекенге деген сүйіспеншілігі екенін байқаймыз.

Абайламай айырылдым,

Ар жақтағы елімнен –

Анау Нарын деген жерімнен.

Тірі кеттім демеймін,

Кем болмады өлімнен,-

деген сөздері кімнің болса да сай- сүйегін сырқырататыны сөзсіз. Тегінде ақын туған елді, жерді осылай сүймесе, халқын азаттыққа, елін еркіндікке бастамас еді.

Махамбет ерлік жайында қай ақыннан да асыра, жеріне жеткізе жырлаған. «Ереулі атқа ер салмай» өлеңінде:

Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Ерлердің ісі бітер ме?-

деп, бойындағы бар жігер- қайратын сездіреді. «Ұл туса» өлеңінде де:

Асылдан болат ұл туса,

Екі жақ болып тұрғанда,

Егескен жерде шарт кетер,

Жауырынынан өтіп алса да,

Жамандарға жалынбас -

деп, сын сағатта шыдас беретін өжеттікті, өрлікті, намысқойлықты мадақтайды. Ісіне адалдық, алған бетінен айнымау, сенімділік, батырлық секілді қасиеттер- азаматтың асыл қасиеті дейді ақын.

Бір ғажабы, ердің ері ғана өте алатын ауыр жолдардан Махамбеттің өзі өткен, ердің ері ғана шыдайтын сынақтарда Махамбеттің өзі шыдас берген.

Жырларын көпшілік мүддесі үшін жұмсаған Махамбет- асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітшісі.


D. еңбек істеп, жақсы өмір сүргенін

Объяснение:

дұрыс деп ойлаймын

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS