«Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру науқаны-
ның салдары қандай бол-
ды?» тақырыбына эссе
жаз.
Тірек сөздер:
Декрет, тәркілеу, аштық,
зиялылар, жазалау.
Ответы на вопрос:
Объяснение:
Күштеп ұжымдастыруІрі жазу 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
саттілік
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
анна226409.07.2022 15:45
-
8923275218308.11.2020 08:08
-
Belka121108.09.2020 19:34
-
class4v201618.12.2022 07:57
-
sevara22110.05.2022 13:02
-
Dapx25.03.2021 17:28
-
ElliDiHastua28.01.2021 20:08
-
dima1tod07.02.2020 00:32
-
kolya1444515.02.2021 01:10
-
senyadubra15.12.2020 08:52
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.