«Батыр Баян» жырының сюжеттік құрылымға сай мәтін бөліктері мыналар: 1. Абылайдың ақ туының астына жиналған батырлар
2. Батыр Баянның жиынға келмеуі
3. Баян батырдың қалмақтың хас сұлуына ғашық болуы
4. Қалмақ сұлуының арбауына түскен Ноян батыр
5. Екі жастың елді тастап қашуы
6. Баян батырдың ашуға ерік беруі
7. Екі жастың Баян батыр қолынан мерт болуы
8. Батыр Баянның Абылай қолына қосылып, жорыққа аттануы
9. Абылай ханның қалмақтар арбауына түсіп, кері шегінуі
10. Абылай қолынан бөлініп, батыр Баянның 100 жасақпен қалмақ қосына шабуыл жасап, қаза табуы
Ответы на вопрос:
Тіл а ң іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл өрісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойындіа, өз ойын тіл құралы ар-қылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шы-ғарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді. Мысалы:
Азуы — алмас, тілі — у,
Арам көңіл, ала ту,
Кең жемсаулы, кең қарын,
Найзадай түйреп қолдарын
Қорқау қасқыр — “жан” жүрді1.
С. Мұқанов осы бір шумақта бұқара халықты рақымсыз езіп, жаншып, өктемдігін жүргізген қиянатшыл заманның мейірімсіз өкілдерінің жиренішті кескін-кейпін ұтымды теңеу, эпитеттер ар-қылы оқушынын, көз алдына елестетеді.
Осындай суреттеуге М. Әуезовтен тағы бір мысал: Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалыц көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан.Бұлар, малына інет келген ауылдыц иттері сияқты, жоны шығып, қуйрығын сыртқа салып, көзі қызарып құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді2.
Немесе, …долданып құтырған Қоқыштар, Сэрсендер жуан-жуан жақсы киімді, боқтығы күшті үлкендер…
Бұл мысалдардан образды сөздердің атқаратын қызметі ерекше сезіледі. Сонымен бірге мұнда сөз қолдану, сөйлем құрылысы, тіпті контекст — барлығы да экспрессивті берілген. Автор тілдің экспрессивті-эмоционалды тәсілдерін шебер пайдаланган. Жазушы суреттеп отырған шындықты оқушы көзбен көргендей айқын сезі-неді. Мұнда жағымсыз образ тілдік тәсілдерді бейнелі, экспрессивті қолдану арқылы жасалған. Осылайша сөзді метафоралы қолдану арқылы жасалған образдар тез қабылданып, ойда ұзақ сақталып, сөз қолданысы тұрақталып, бейнелі сөздердің үлгісі молығады.
Образ жасаудың сөзді метафоралы түрде қолданудан басқа да көптеген тәсілдері бар. Оны төмендегі мысалдан көруге болады: Бақтығұл атқа мінісімен: “Эйдэ, тарт!”— деп тебініп жіберіп, қоз-галып кетті. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ер-тұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығын қуалай тартып береді3.
Автор мұнда әр түрлі дыбыстарды еліктеуіш сөздер арқылы бейнелеп отыр. Осы түста оқушы көп аттың түяғы тиген жердің дүңкілін, ер-түрманның шылдырын айқын естіп түрғандай сезінеді.
1 С. Мұқанов Таңдамалы өлеңдер, Алматы, 1954, 58-бет.
2 М. Әуезо в. “Қараш-қараш”, Алматы, 1960, 53-бет. 3М Әуезов “Қараш-қараш”, Алматы, 1960, 42-бет.
Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын — жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселе-сін шығарманын, тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да жазушының ше-берлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оньщ, тілінен бастаған жөн1,
Шеберлік дегеніміздің өзі — тар шеқберде алғанда, адам бей-несі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін кажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша марынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз — суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.
Қөркем әдебиет
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
mirst1410.03.2022 16:48
-
оля2012109.05.2022 03:51
-
бездoмныйБoг18.12.2021 14:47
-
madikokurman06.04.2021 06:38
-
девочка24526.10.2021 15:30
-
ryzhovaelena115.05.2022 12:33
-
dvofgisf13.02.2023 19:14
-
FurtiFool30.07.2020 22:06
-
vfilips10.10.2021 19:03
-
mrkobra14.01.2021 00:23
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.