Ответы на вопрос:
Объяснение:
Нағыз қазақ – домбыра»
Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді ғой. Ал қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге болады. Ал өзге халықтар секілді қазақтар да өзінің ұлттық аспаптарын құрметтеп, ән-күйлерін тыңдап ләззат алады. Әсіресе, домбыраның үні естілгенде елеңдемейтін қазақ жоқ. Менің бала кезімде Қазақ радиосынан Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Динаның күйлері күн сайын, тіпті сағат сайын берілетін. Оларды қанша тыңдасаң да жалықпайсың. Жалығу былай тұрсын өн бойың балқып тыңдағың келе беретін. Күй орындалған кезде қарттар радио дауысын күшейтіп, «жастардың зердесіне сіңе берсін» дейтін. Өкінішке қарай радиодан, теледидардан, тіпті көптеген концерттерден де домбыра үнін ести алмайтын болдық. Ертеден кешке дейін қазіргі «жұлдыз» атанған әуесқой әншілердің әндерін тыңдауға мәжбүр боламыз. Мұның басты себебі қазіргі қазақ жастарының зердесіне бала кезінен бастап халқымыздың ұлттық саздарын сіңірмегендіктен десем, жаңсақ айтқандық болмас. Ал бала күнінен ұлт аспаптарының үнін, халқымыздың саздарын тыңдап өскен азаматтар өзінің ұлтынан, ұлттық мәдениетінен, тілінен ажырауы да мүмкін емес екені педагогика, психология ғылымдарында нақты дәлелденген. Қазақ ежелден домбыраны киелі аспап санаған. Домбырамен асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен халықпыз ғой. Сондықтан домбыраға үкі тағып, аялап төріне іліп қою қазақтың дәстүріне айналған. Әсіресе, ауылдық жерлерде қай қазақтың үйіне барсаңыз төрінде домбыра ілулі тұрғанын көресің. Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрінде ең негізі аспап домбыра, ал домбыраға өзге аспаптар қосылғанда ерекше ғажайып дауысқа айналады. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің концертін теледидардан, радиодан мұны айқын аңғаруға болады. Оркестрде қаптап отырған көптеген домбырашыларды көреміз. Мұнда баян, қобыз, сазсырнай ойнап отырғандар көп емес, бірлі-жарым ғана.
КЕРЕК ЖЕРИН ЖАЗЫП АЛ!)Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
21VR01.01.2023 15:27
-
murka28070503.03.2023 03:59
-
Nasteahdhdjek02.05.2023 08:25
-
Hurakan09.05.2020 05:16
-
romaha119.11.2021 05:05
-
Stafia17.04.2020 13:23
-
Goncharovskai03.01.2020 23:17
-
Karina1122213.09.2021 19:15
-
Djjhsb08.06.2021 14:07
-
света109430.01.2020 10:37
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.