СӨЗЖАСАМ НҰСҚА
1. Туынды сөздi табыңыз.
A) Бақыт;
B) Бақытсыз;
C) Бақытпен;
D) Бақытының;
E) Бақытым.
2. Сөзжасамның синтетикалық тәсiлiмен жасалған туынды сөздердi белгілеңіз.
A) Барған, келiп;
B) Бiр, жетеу;
C) Келу, сөйлеу;
D) Сарғыш, ақтау;
E) Өткiрлiк, жылжымалы.
3. Сөзжасамның аналитикалық тәсiлiмен жасалған сөздердi белгiлеңіз.
A) Күрес, қатынас;
B) Қарақат, құла кер;
C) Дос, байлық;
D) Жарылғы, сыйлық;
E) Қашау, ағайын.
4. Жұрнақ сөз тудыру сипатына қарай қалай бөлiнедi?
A) Сөз тудырушы;
B) Сөз түрлендiрушi;
C) Өнiмдi, өнiмсiз;
D) Дара, күрделi;
E) Омоним қосымша.
5. Қай қосымша сөзжасамның бірлігі?
A) Сөзөзгерiм қосымшасы;
B) Жалғау;
C) Сөз түрлендіруші жұрнақ;
D) Сөзжасамдық жұрнақ;
E) Сөзбайлам қосымшасы.
6. Ел сөзінің сөзжасамдық тізбегін табыңыз.
A) Ел - елмен - елші;
B) Ел - елші - елшілік;
C) Елші- ел - елшілік;
D) Ел - елші - елдей;
E) Ел - елші - елдің.
7. Дұрыс сөзжасамдық тізбекті белгілеңіз.
A) Саудагер - сауда - сауда-саттық;
B) Бас - бастау - бастаушы - басқар;
C) Көрші - көрермен;
D) Ел - елші - елшілк;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
8. Біл сөзінің сөзжасамдық ұясын табыңыз.
A) Біл, білім, біліммен;
B) Біл, білім, білімді;
C) Біл, білім, білімді, білімпаз, білгіш;
D) Білім, біліммен, білімге;
E) Біл, білім, білімпаз, білген, біліп.
9. Дұрыс сөзжасамдық ұяны табыңыз.
A) Ұшақ, ұшқыш, ұшқышқа;
B) Жұдырықта, қолда, тізеле, баста;
C) Ашулан, ызалан, арқалан, қулан;
D) Қоныс, қонақ, қонаға, қонақасы;
E) Бәлеқор, жалақор, жемқор, пайдақор.
10. Сөзжасамдық үлгіні белгiлеңіз.
A) Ақылды, білімді, сапалы;
B) Аудандық, шалалық, орталық;
C) Көңілсіз, жерсіз, білімсіз;
D) Салтанатты, жүрді, анықтады;
E) Көлшік, үйшік, қалашық.
11. Сөзжасамдық тізбектің анықтамасын жалғастырыңыз: «Бір түбірден
тараған, бірінен-бірі тікелей туындайтын ...».
A) Түрлі сөз табынан тұратын туынды сөздер жиынтығы.
B) Біріне бірі негіз болатын туынды түбір сөздер.
C) Тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің
жиынтығы.
D) Екі сөзден тұратын тізбек.
E) Негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын туынды түбірлердің
жасалу реті.
12. Сөзжасамдық типтi белгiлеңіз.
A) Көрiс, бiлiс, мiнiс;
B) Бiлiм, мiнбе, сапарлас;
C) Айтыс, соғыс, ұрыс;
D) Сыпыртқы, сырғы, қысқы;
E) Көршi, елшi, ойнақшы.
13. Түбірлес туынды сөздерді табыңыз.
A) Айтыс, сөгіс, ұрыс;
B) Көрген, көргіш, көрімдік;
C) Бағу, қағу, жүру;
D) Сынғыш, сынақ, сыну;
E) Көрші, көрмек, көрме.
14. Күрделі сөзге тән белгілер.
A) Мағыналық тұтастық;
B) Мағыналық тұтастық, құрылымдық тұтастық;
C) Құрылымдық тұтастық, синтаксистік тұтастық;
D) Мағыналық тұтастық, синтаксистік тұтастық;
E) Мағыналық тұтастық, құрылымдық тұтастық, синтаксистік тұтастық.
15. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғауындағы сөздің кірігуі арқылы
жасалған күрделі аталымды табыңыз.
A) Қайнаға;
B) Отағасы;
C) Сегізкөз;
D) Итмұрын;
E) Еңлікгүл.
16. Қосарланған сөздi белгiлеңіз.
A) Жарнама;
B) Елтаңба;
C) Егемендiк;
D) Дәйексөз;
E) Әскери-саяси.
17. Бірігу жолымен жасалған жаңа сөздi белгiлеңіз.
A) Жарқанат;
B) Жады;
C) Көтерме сауда;
D) Мәнмәтін;
E) Бәйтерек.
18. Сан негiздi туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Бесінші;
B) Төрткiл;
C) Ондық;
D) Жайылым;
E) Санақ.
19. Нақты мәндегi туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ерлiк;
B) Достық;
C) Дiншiл;
D) Орындық;
E) Қала.
20. Құранды жұрнақты туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Бiлiмпаз;
B) Әншiлiк;
C) Сөзстан;
D) Қазақшылық;
E) Кеңiстiк.
21. Мамандықты бiлдiретiн туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Саудагер;
B) Сатушы;
C) Салымшы;
D) Көршi;
E) Еңбекшi.
22. Дерексіз зат атауларын белгілеңіз.
A) Ауыртпалық, өзгеріс, тұрмыс;
B) Орындық, түйреуіш, шақпақ;
C) Жалғау, шылау, қос сөз;
D) Баспа, шойырылма, тырысқақ;
E) Білек, жүрек, тырнақ.
23. Қай жұрнақ сөз тудырмайды?
A) -ыңқы, -шы;
B) -дау, -ып;
C) -қы, -дай;
D) -ей, -шыл;
E) -мақ, -а.
24. Сын және зат мағыналы негiздерден тұратын күрделi туынды зат
мағыналы сөзді табыңыз.
A) Төлқұжат;
B) Саясаткер;
C) Өнертапқыш;
D) Өтемақы;
E) Отбасы.
25. Кiрме жұрнақ арқылы жасалған туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Әрiптес;
B) Дамытпалы;
C) Жалгер;
D) Әрлеушi;
E) Апталық.
26. Бiрiгу жолымен жасалған туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Дыбыстандыру;
B) Дүниеқоңыздық;
C) Ағайын;
D) Әктеушi;
E) Қолғап.
27. Сын мағыналы негiздi туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Құнарлылық;
B) Мұңдық;
C) Қолтық;
D) Сөздiк;
E) Дөңгелек.
28. Күрделі субстантивті табыңыз.
A) Түстік;
B) Ауру;
C) Тұңғыш;
D) Ыстық;
E) Желаяқ.
29. Қимыл негiздi туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Бiлiмпаз;
B) Артқы;
C) Сiздей;
D) Күйгелек;
E) Сыршыл.
30. Көмекшi есiмдi туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Сәнқой;
B) Үстiңгi;
C) Жалтақ;
D) Биылғы;
E) Күлкiшiл.
125
375
Ответы на вопрос:
Менде бар өте әдемі мысық менің әжем өте сүйеді мысықтарды менің досымда бар қара мысық
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
привет98017.05.2022 22:58
-
pigurska29.08.2020 01:39
-
valiullin199814.09.2021 01:49
-
Zebra141112.02.2021 23:22
-
nasyatkachenko802.06.2022 05:06
-
aidafarhadova19.08.2021 22:32
-
merhanoooI20.03.2023 20:33
-
КликКлак1114.01.2020 03:11
-
Katya114303.09.2022 09:22
-
kirstav6414.05.2020 21:45
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.