Есть ответ 👍

Каспий теңізінің мағынасы ​

230
242
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

Emevuz
4,4(11 оценок)

Жалпы тарих жазудың екі түрлі жолы бар. Біріншісі, ешқайда бұлталақтамай, ақиқатын жазып, бірде-бір сұрақты жауапсыз қалдырмау. Бұндай тарихты, сол тарихи оқиға, сол тарихи атауды қойған елдің ұрпақтары ғана жаза алады. Бұны әр-бір адамның өз өмірбаянын өзі ғана жаза алатынымен салыстыруға болар. Екіншісі, сол оқиғаға, сол елге қатысы жоқ адамдардың сырттан келіп жазуы. Бүгінгі біз оқып жүрген арабтар былай депті, парсылар мен орыстар олай депті дегендеріміз сол екінші топқа жатады. Бұл тура, бір адамның өмірбаянын, өзге адамның жазғанымен бірдей дүние. Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?

2010 жылы Ақтау баспаханасынан шетелдік «АДЖИП ККО» компаниясының тапсырысымен Наталья Задерецкаяның «Маңғыстаудың қарашаңырағы -Түпқараған-» атты еңбегі жарық көрді. Кітаптың түрлі-түсті суреттермен өте әдемі етіліп безендірілгенінен және оның өте көп мөлшерде (біздің бұлай деп айтуымызға толықтай құқығымыз бар, себебі, бұл кітапта өзгелердегідей тираж саны көрсетілмеген) екі тілде жарық көргенінен-ақ бұл кітаптың алдына қойылған өзгеше мақсатының бар екендігі ешқандай дау тудырмайтын дүние екені анық. Кітаптың алғы сөзінде айтылғандай, кітап бірнеше жылдар бойы зерттеліп жазылған. Мен бұл жерде Н. Задерецкаяны кіналаудан мүлде аулақпын. Әркім білгенін, өресінің жеткен жерін және сонымен қатар алдына қойған мақсатына жету үшін жазады. Санасы жетпеген жерін қайдан жазсын. Шындығында да, бұл еңбекті зерттеп оқыған адамға арнайы тапсырыспен, арнайы мақсатпен жазылғаны айдан анық байқалады. Мысалы, ол ерте кезеңдерде Каспий теңізінің жағалауына бір келіп кетіп, немесе сырттай ғана бейнелеу немесе балама үшін айтылған атаулардың бәрін теріп жинаған да, теңіз атауы Каспий деген тайпаның атынан қалған, ол тайпа қазір жоқ, ол тайпа ыдырап өзге елдердің құрамына сіңіп кеткен. Сондықтан «Кім біледі, бір кездері теңіз атауы тағы да бірнеше рет өзгерер?» деп тұжырым жасайды. Міне бұл еңбектің арнайы тапсырыспен жазылуының басты себебі. Әйтпесе, осы теңіздің бұрынғы атауларын алтын уақытыңды бостан-босқа өткізіп, бүткіл жер бетіндегі жазба тарихтан бір теңіздің атауын іздегенше, Маңғыстау кітапханасынан Қазақтың шежіре деректерімен таныссаң, немесе осы Маңғыстаудың көнекөз қарияларымен сұхбаттассаң жетіп жатқан жоқ па? Ол атаулардың да қайсысы шын, қайсысы жалған екені бір Алла мен Задерецкаяға ғана аян. Себебі, келтірген деректерінде, олардың қай еңбектен алынғаны жөнінде бірде-бір сілтеме жоқ. Сонымен, кезекті Наталья ханымға берейік:

«Ешбір ұлы ұлт теңізден жырақта

өмір сүрген емес. Ешкім де теңіз

жағалауынан алыстаған ұлы ұлтты

көзіне елестете алмайды».

К.Маркс.

Есімің сенің – КАСПИЙ. Каспий теңізі неліктен Каспий атанды.

3aHo3a1538
4,6(23 оценок)

Удачи : 3, вдруг кто-то отвветит

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS