Есть ответ 👍

Қыс туралы мәтін құрап жазыңдар​

159
170
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

Chеmic
4,6(39 оценок)

Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!

Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.

Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.

Омбы қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сәулесі. Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың сізге айтары бар секілді...

Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын – қыс. Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Терезеңізге сезім білдіріп жүрген аязды көресіз бе...?

полина2124
4,7(47 оценок)

Денис тен (алматы, маусымның 13, 1993 жыл) - мәнерлеп сырғанаушы . ванкувердегі олимпиадада денис тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты. ең жоғарғы жетістігі –ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (сәуір, 2009 ж) , 9-орын «төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл.) , жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009 ж) , жасөспірімдер арасында «гран при» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (қазан 2008 ж.) . биылғы маусымда ересектер арасындағы «гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. әлемдік рейтингте 18-орында тұр. ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 211,43 (2009 ересектер арасындағы әч) .  диас кенешов (1985 жылы туған) - қазақ биатлоншысы. диас жазғы биатлон спортынан 2008 жылғы әлем біріншілігінің екі мәрте жүлдегері (күміс, қола) . сондай-ақ қазақстан кубогының иегері, ел чемпионы. ванкувер олимпиадасының ашылу салтанатында қазақ елінің көк байрағын диас кенешов ұстап шықпақ.  асан базаев - қазақ велоспортшысы, «астана» кәсіпқой клубының мүшесі. астаналық, 22 ақпанда 1981 жылы жетістіктері 2008 жылғы шосседегі топтық жарыста қазақстан чемпионы 2006 жылы «алмания туры» көпкүндік бәйгесінің бірінші кезеңдік жарысында мәре сызығын бірінші болып қиып, жеңіске жетті; 2004 - азия уақыттық (time trial) біріншілігі; 2004 - хеллас туры; 2003 - gp tell, 1 кезең  александр николаевич винокуров (1973 қыркүйектің 16 бескөл, солтүстік қазақстан облысы) — қазақстанның атақты велошабандозы, «vino» (вино) деген атпен белгілі. сидней олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.  [өңдеу] жетістіктері мен мансабы  2003 жылы отандасы әрі досы кивилев қайтыс болғаннан кейін винокуров париж-ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды. александр 2006 жылғы атақты испандық вуэльта жарысында бірінші орын алған. бүгінгі күні әлемдегі ең мықты клуб астананың негізін қалаушы. 2007 жылы астана клубының капитаны александрды велоспорт әлемінде тур де франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. бірақ винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, виноны екі жылға жарыстардан аластайды. [1] бірақ еш жасымайтын александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында астана құрамына қайта енеді. 2010 жылы александр винокуров «джиро де трентино» (cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS