Есть ответ 👍

3-тапсырма Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз.
Бегабат Ұзақов
«Жантаза» (әңгімеден үзінді)
«Ендігі кезек – Алдаш жыраудікі», – деп тоғашы дүйім жұртқа жариялаған кезде сұңғақ бойлы жігіт ағасы ортаға қалтақтаған соқыр шалды жетектеп шықты. Жайықтың көркіне көзі тойып отырған жұрттың көңілі қоңылтақсып қалды. «Ойбай-ау, атағы жер жарған Алдаш осы ма, не?» – деген ой жыраудыбұрын-соңдыкөрмеген елдің санасында қылаң бере аңтарылды. Мұндай таңданыстың талайын көрген болар, ештеңені елемей құрдың дəл ортасындағы құрақ көрпешеге жайғасып отырып алған Алдаш домбырасын сол қолымен қағып-қағып жіберіп əндете жөнелді. Алдаш домбырасы ‒ нағыз əннің домбырасы екен.Ашық əуез, асқақ дауыс Қаратаудың етегінде орналасқан ұядай ауылды жаңғыртып жіберді. Бұл елдің бір қасиеті – əшейінде абырсабыр боп жатса да, құрда отырғанда сабырлы келеді. Тіпті, тентек суға тойып алғандар да сілтідей тынып, шырқалып жатқан əн-жырдан басқаны ұмытады
Алдаштың əні əуелей барып үзілген кезде маймаңдап басып Ақпанбет шықты. Көзі көреді демесең, мұның да Алдаштан артықтығы шамалы екен. Қисық-қисық бірдеңе. Бірақ, дене бітіміне мəн беріп жатқан ешкім жоқ. Жаңа ғана Алдаштың қораш түрін көріп көзі үйренген ел бұл жыраудың одан да асқан дүлей екенін өте жақсы біледі. Өзін енді көріп тұрса да үнтаспалары əрбір үйде бар. Жайық пен Алдаштың жанына отырған Ақпанбет Орынбай ақынның Жанқожа батыр жайлы дастанын жырлады. Бұл жырау нөсерге ұқсайды екен. Төкпелеп-төкпелеп бір қайырғанда манағы сабырлы халық ду қол соққанын білмей де қалды. Əйел-қыздардың арасында отырған Бəтиманың ойынан жыраудың кейбір сөздері кетпей қойды: Абырой менен ар ойла,
Адамдық түссе ойыңа!
Ол бұл жолдарды іштей қайталай берді, қайталай берді. Қолын түйіп ап, қалшылдап кетті.
Ердің құны бітпейді,
Төрт түлік малдың құнымен.
Қандасқан жауға қан кетсе,
Құрығаны шынымен.
Жампоз жырау балуан қыздың жанды жеріне тиіп, ширықтырып жіберді. Тұла бойында қан тулап, көз алды қараңғыланып кетті. Ашу мен ызадан бірер сəт есеңгіреп тұрды да мұнан əрі тыңдауға дəті жетпей ақырын жылыстап, əйелдер арасынан шығып кетті. Артына бір қайырылып, ерлер жаққа көз жіберді. Қарақұрым адамның ішінен хас жауы Алдағұл көрінбеді. «Бір жерде отырған шығарсың, əйтеуір, келгенің анық қой, – деп күбірледі ол. – Тоқал ешкіден басқаның кегі о дүниеге кетпейді. Дəл бүгін сазайыңды тартасың». – Кілт бұрылды да бойына бұла күш енгендей ақыл-ойын бірден жиып алып, жылдам қадам тастап Мергенбай шопанның көршісінің үйіне бет алды.

280
420
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Менің анам ініме комектесті. анам бастауыш комектесті баяндауыш

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS