Есть ответ 👍

MUT ТЫҢДАЛЫМ оқылым
3
-тапсырма.
Мәтінді оқы. Мәтіннен етістіктерді тап. Болымды, болымсыз
етістіктерді анықта. Олардың жасалу жолын түсіндір.
Ең бірінші кітапханалар қашан пайда болған?
Ең бірінші кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі мысырлықтар
папирус қағаздарға жазған. Қазақстанда ең бірінші кітапхана 1883 жылы Семейде
ашылған. Кітап қорында 260 том кітап болған.
Қазақстан Республикасындағы ең ірі кітапхана
Ұлттық кітапхана. Ол Алматы
қаласында орналасқан. Кітапхана 1931 жылы ашылған. Кітапхананың алғашқы директо-
ры — мемлекет қайраткері Ораз Жандосов. О. Жандосов кітапханаға Қазақстан туралы,
қазақ тіліндегі басылымдарды жинаған. Кітапхана
рухани байлықты сақтаушы ұлттық
кітап қоймасы. Кітапханаға 1991 жылы «Ұлттық кітапхана» деген ат берілді. Кітапханаға
1 жылда 1 миллионнан астам оқырман келеді, 2 миллиондай кітап қолға беріледі. Ұлттық
кітапханада 14 оқу залы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап-
әлемдегі ірі кітапханалардың бірі. Ұлттық кітапхананың ғимараты 1971 жылы
арнайы жобамен салынған. Ол — Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің туынды-
сы. Кітапхана — Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштердің бірі. Ұлттық кітапхана
ханасы
Мемлекеттің қорғауында.
Сен қандай кітапханаларды білесің? СОСТАВИТЬ 5 ВОПРОСОВ ​

218
489
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

then3rvnyy
4,4(49 оценок)

Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы. Бүгінде кітап қоры 2 млн данадан асып, Алматы облысындағы 12 жоғары, 13 орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығына айналып отырған бұл мекеменің тарихы сонау 1928 жылдан, Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазПИ-дің ашылуынан бастау алады. Қазақтың алғашқы жоғары оқу орны өмірге келген соң, оған оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемеліктердің көпшілігі Мәскеу мен Ленинградтан әкелінгені белгілі. А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары да университет кітапханасын кітап қорымен толықтыруға өлшеусіз үлес қосқанын бүгінгілер біле бермейді. Олар өздерінің әдеби көркем шығармаларымен бірге оқу құралдарын да жазып, студенттерді білім нәрімен сусындатуға аянбай еңбек сіңірген еді. Университет ғалымдары да өз еңбектерін кітапханаға тегін өткізген. Сөйтіп, алғашқы оншақты жылдың ішінде-ақ кітап қоры 20 мың данаға жеткен екен. Ұлт зиялылары өткен ғасырларда жарық көрген кітаптарды іздеп тауып, тарих пен ғылым үшін үлкен құндылықтар келгенін бүгінде кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында тұрған көне басылымдардан көруге болады. Бұл қорда қазір тұңғыш қазақ мемлекеттік университетіне (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне) Верный гимназиясынан берілген әдебиеттер, сонымен қатар ХVIII-XIX ғасырларда шыққан орыс және шетел тілдеріндегі аса құнды ғылыми, мәдени және тарихи мәні бар басылымдар көптеп жинақталған. Сондай көне кітаптардың бірі – Қазан дін академиясының VI курс студенті Иван Тихов – Александровскийдің 1877 жылы Қазан қаласындағы университеттік баспаханада басылып шыққан «Обозрение мусульманских молитв» ( по изучению секти ханафитской) деп аталатын кітабы. Ислам дінін терең зерттеген автор кітаптың бірінші бөлімінде намаз оқудың шарттарын жан-жақты талдап түсіндіреді. Әсіресе намаздағы негізгі шарттар, оның парызы, уәжібі, сүннеті туралы шынайы баяндалады және Мұхаммедтік намаздың сипаттарын терең ашып көрсетеді. Кітаптың екінші бөлімінде Құранның негізгі терминдеріне, сүрелеріне түсінік беріледі. Мекке мен Мединеге қажылыққа барғанда оқылатын намаздардың ерекшеліктерін түсіндіреді. Аталған кітап қатты мұқабамен тысталған, жалпы көлемі 170 бет. Титулдық бетіне 1885 жылғы «Верный қоғамдық жиналысы» публикалық кітапханасының мөрі, Жетісу губерниялық кітапханасының, мөртабандары басылған. Кітаптың сақталу жағдай өте жақсы, бүлінбеген. Осындай көне дүниелердің бірі А.В.Васильев деген ғалымның 1900 жылы Орынбордағы Ф.Б.Сачков деген азаматтың жеке баспаханасынан басылып шыққан «Образцы киргизской (казахской) народной словесности. Киргизские (казахские) загадки» деген зерттеу кітабы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерін, даналық сөздерін теріп, жинап, оны орысшаға аударып түсінік жазған А.В.Васильевтің бұл еңбегі де өз кезінде құнды еңбектердің бірі болып, екі қайта басылып шықса, бүгінде де оның қазақ филологтары үшін өз орны бар деуге болады. 1927 жылы Ташкентте орыс тілінде басылып шыққан «Грамматика казахского языка» оқулығы да кітапхана қорындағы сирек кітаптардың бірі. Қазақ мектептерін оқулықпен қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосқан қазақ зиялыларының да бірқатар еңбектері сақтауда тұр. Соның бірі Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы Орынборда басылып шыққан «Қазақша әліпбиі» дер едім. Бұл кітапты қырғыз азаматы Кәрбоз Диқанов қырғыз оқушылары үшін қайта өз қаражатымен бастырып шығарыпты. «Ахмет Байтурсыновдын 1914 жылы басылған бұл «Алифбеси» мазмун жағынан еч өзгертилген жоқ. Қағаздын қатчылығына байланышту китеп формат жағынан бир аз кичирейтилди» дейді кітапты қайта бастырушы. 20-шы жылдары бұл кітапты қырғыздар да пайдаланып, сауатын ашыпты. Бұл әліппе А.Байтұрсынұлының араб әліпбиі арқылы қазақ жазуын таңбалауға арналған төте жазу әліппесі болатын. Төте жазу әліпбиі қазақ елі латыншаға толық көшкен 1932 жылға дейін пайдаланылған. Бұрынғы кітаптар мен газет материалдары бойынша зерттеу жүргізушілер үшін төте жазудың әлі де пайдасы зор. «Ахмет Байтұрсынұлы – араб таңбасына негізделген қазақ жазуын реформалаған тұңғыш адам, – деп жазады қырғыз азаматы Кәрбоз Диханов осы кітапқа алғы сөзінде. – Қазақ-қырғыз балалары үшін жасалған бірінші әліппе 1911 жылы Уфадан шықса, 1912 жылы осы алфавиттен қазақ тілін бөліп шыққан бірінші ғалым А.Байтұрсынұлы. Біз А.Байтұрсынұлының 1914 жылы басылған қазақ әліппесін оқырманға ұсынып отырмыз. Мұны қырғыз оқушылары да пайдаланып келген. Халық ағарту ісінде де бұл кітаптың маңызы зор». Сондай-ақ Міржақып Дулатовтың 1909 жылы Уфадағы Кәрімов пен Құсайыновтың «Шарық» ба басылып шыққан «Оян, Қазақ!» өлеңдер жинағы да университет кітапханасындағы құнды дүниелердің бірі. – Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты.


Объяснение:

Верный ответ на верху

rezkova
4,5(20 оценок)

это правильно

Объяснение:

ответ правильный

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS