Есть ответ 👍

Тәжірибидегі заттардың қасикттерін анықтап, агрегаттық күйлерін жазыңыз​

292
326
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

LitRoboBoytle
4,8(25 оценок)

Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді. Барлық зат (кейбір заттан басқасы) үш түрлі – қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама – молекулалардың өзара әсерінің орташа потенциалдық энергиясының олардың орташа кинетикалық энергиясына қатынасы [~(T, p)]. Мыс., қатты денелер үшін ~(T, p)1, газдар үшін ~(T, p)1, ал сұйықтықтар үшін ~(T, p)1.басталады. Заттың бір агрегаттық күйден басқа бір күйге ауысуы оның потенциалдық энергиясының секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді және ол молекулааралық қашықтық пен молекулааралық өзара әсерге тәуелді. Газдарда молекулааралық қашықтық молекулалардың сызықтық өлшемінен әлдеқайда үлкен. Сондықтан газда молекулалар бір-бірімен өзара әсерлеспейді деуге болады, олар еркін қозғала отырып, бүкіл көлемді толтырады. Кез келген газды белгілі бір қысым мен температурада сұйықтыққа, одан кейін қатты күйге келтіруге болады. Сұйықтықтар мен қатты денелерде (қоюланған не тығыздалған денелерде) молекулалар (атомдар), едәуір дәрежеде бір-біріне жақын орналасады да, олардың бір-бірімен әсерлесуі күштірек болып келеді. Осы себептен сұйықтықтар мен қатты денелер өз көлемдерін сақтайды. Дегенмен, қатты денелер мен сұйықтықтардағы молекулалар қозғалысының сипаты олардың әрқайсысында әр түрлі. Олардың құрылымы мен қасиеттерінің бір-бірінен өзгешелігі осы жағдаймен түсіндіріледі. Кристалл күйдегі қатты дене атомдары кристалдық тор түйіндерінің маңында әлсіз тербеліс жасайды. Мұндай денелердің құрылымы атомдардың реттелгендік (алыс және жақын реттелгендік) дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Сұйықтық молекулаларының (атомдарының) жылулық қозғалысы молекулалардың тепе-теңдік қалып маңындағы әлсіз тербелістері мен олардың бір тепе-теңдік қалыптан басқа бір тепе-теңдік қалыпқа секірмелі түрде жиі ауысып тұруынан құралады. Сұйықтық бөлшектерінің тепе-теңдік қалыпқа ауысуы олардың орналасуында тек жақын реттіліктің болатындығын және оларға қозғалғыштық пен аққыштық қасиеттер тән екендігін көрсетеді. Ал, плазманың басқа агрегаттық күйлерден айырмашылығы – оның зарядталған бөлшектер (иондар, электрондар) газынан тұратындығы. Плазмада бөлшектер бір-бірімен үлкен қашықтықта әсерлесе береді. Бұл жағдай плазманың өзіне тән кейбір қасиеттерін анықтайды.[1]

Құрылымы жағынан көбірек реттелген заттың агрегаттық күйінің одан гөрі азырақ реттелген күйге ауысуы белгілі бір температура мен қысымда секірмелі түрде (қ. Балқу, Қайнау), сондай-ақ, үздіксіз де (қ. Фазалық ауысу) жүруі мүмкін. Сондықтан, үздіксіз ауысу мүмкіндігі, Заттың агрегаттық күйінің әр түрге бөлінуінің шартты екендігін көрсетеді. Бұл жағдай сұйықтық құрылымын сақтайтын аморф денелердің, кейбір заттарда бірнеше кристалдық күйлердің, сұйық кристалдардың, т.б. болуымен дәлелденеді. Осыған байланысты қазіргі физикада З. а. к. ұғымының орнына одан гөрі кеңірек – фаза ұғымы пайдаланылады.[2]

suxowaalisa
4,6(28 оценок)

қобда, неба суларын сүйіп өскен,

әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

аққу құстың бейне бір ,

сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.әлия - ару қызы сен халқымның,

әлия - батыр қызы сен халқымның,

ерке құсы сен даламның!

"әлия" әнінен

жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған әлия апамыздың есімі  қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.

әлия молдағұлова  ақтөбе облысы, хобда ауданы, бұлақ ауылындасарқұлов нұрмұхаммед және молдағұлова маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болады. нұрмұхаммед сарқұловтың қолында ұлы бағдат пен қызы әлия қалады.  әкесі әлияны нағашы әжесі тәжікеннің қолына беруге мәжбүр болды.  әжесі қазіргі құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған ілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. әлия нағашысы әубәкір молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас сапурамен өсіп, есейеді. үй-іші әлияны өте жақсы көрді. әубәкірдің әйелі сән қыздарға көп нәрсені үйретіп, оған қыздар үй жұмысында көмектеседі, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бағады. өз құрдастарына қарағанда, әлияның мінезі қисық, қатал болған екен.

әлия ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. бұл қала оның екінші отаны болды. әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. ол жалқауларды жек көріп, бүкіл ң алдында сынап, ұрысатын. 6-7 сыныптарда әлия староста болған. үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін әлияны қырымдағы бүкілодақтық пионерлер лагері артекке жіберген. артекте батырлардың тақтасында атақты батырлар рубен ибаррури, тимур фрунзенің қасында әлия молдағұлованың да суреті бар.  әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапты көп оқыған.

соғыс басталған соң, үйімен бірге, ярослав облысының вятское селосына эвакуацияланған. вятское орта мектебінен 7 сыныпты бітірісімен, рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) жшқә-ға (жұмысшы-шаруа қызыл әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1942 жылы әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді.  бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты.  бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы  4-батальонының снайпері  болған (22-ші әскер, 2-ші қ жағалауы фронты). жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда псков облысының солтүстігіндегі новосокольники ауданында қаза тапты.

19 жасар әлияны майдандас жолдастары "шығыс жұлдызы" деп атаған екен.

әлия нұрмұхамбетқызы молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда  кеңес одағы батыры  атағы беріліп, ленин орденімен марапатталды.

қаһарман қыз новосокольники ауданының монакова ауылында жерленген

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS