Есть ответ 👍

4 – нұсқа 1. Еріндік дауыстылар қатарын толықтырыңыз: ұ, ү, у, о ...
А) Е
В) Ы
С) Ө
Д) А
Е) И
2. Бірыңғай үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) Ф, к, қ
В) Х, һ, ц.
С) М, н, ң.
Д) Т, с, ш.
Е) В, г, ғ.
3. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
А) –да, -де
В) –т
С) –қыз, -кіз
Д) –ын, -ін
Е) –ған, -ген
4. Қосарлану арқылы жасалған күрделі зат есімді анықтаңыз.
А) Бала бақша.
В) Ақшағала.
С) Сантиметр.
Д) Ауыл-аймақ
Е) Жауын.
5. Өздік етісті табыңыз.
А) Кидірді.
В) Киісті
С) Кию
Д) Киілді
Е) Киінді
6. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеулік шылауларды табыңыз.
А) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
В) Ғана, -ды, -ді.
С) Дейін, шейін, таман, қарай.
Д) Арқылы, жайынша, жөнінде
Е) Қатар, бірге, қабат.
7. Еліктеу сөзден жасалған қос сөзді табыңыз.
А) Жалт-жалт
В) Әке-шеше
С) Қап-қара
Д) Ат-мат
Е) Бала-шаға
8. Есім сөз бен септеуліктен жасалған тіркесті табыңыз.
А) Табыстан-табысқа.
В) Жол жүру.
С) Қарқыны үдей түсті.
Д) Бала сияқты.
Е) Бірін-бірі.
9. Сөйлемдегі қойылмаған тыныс белгісін табыңыз.
Біздің үйге келгендер Сәбира, Жекен, Ардақ әңгімелесіп ұзақ отырды.
А) Сызықша.
В) Нүкте.
С) Дефис.
Д) Көп нүкте.
Е) Қос нүкте.
10. «Ескі» деген ұғым тұлғасында айтылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Көне.
В) Судай жаңа.
С) Жаңа.
Д) Жауыр болған.
Е) Тың.
11. Диалект сөзді табыңыз.
А) Мұзжарғыш.
В) Бәтеңке.
С) Ғарыш.
Д) Шәугім.
Е) Жерұйық.
12. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын әріптерді көрсетіңіз.
А) о,у
В) и,т
С) б,д
Д) ф,в
Е) ы,і
13. Қатыстық сын есімді ажыратыңыз.
А) Мейірімді.
В) Аласа
С) Биік
Д) Көк
Е) Ащы
14. Бастауыш қызметіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Мен бақыттымын.
В) Кейбіреудің көнгісі келмеді.
С) Біреулер жайраңдап жүріп жатыр.
Д) Күн қабағы түйілді.
Е) Өз көзіммен көрдім.
15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Поэзия алыбы.
В) Түлен түрту.
С) Араласа-құралас.
Д) Соқпақ жол.
Е) Көшеге шығу.
16. Тура толықтауышқа лайықты қосымшаны көрсетіңіз.
А) Сазды жер.
В) Ақылды бала.
С) Ол бүгін барған-ды.
Д) Ол барды.
Е) Қағазды әкел.
17. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
В) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар.
С) Әбіш келгелі, ауыл жастары бұл үйден шықпайтын болды.
Д) Абай Ерболдың ақындығын бұрын да білуші еді, бірақ көңіл аудармаған.
Е) Ексең егін, ішерсің тегін.
18. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Тәйт
В) Жандарым-ау
С) Амал нешік
Д) Жоқ
Е) Ойбай
19. Публицистикалық стильге қайсысы тән, табыңыз.
А) Интервью
В) Поэма
С) Роман
Д) Повесть
Е) Скетч
20. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Арып-талып, асығып
В) Қанды ауыз, ашушаң
С) Көкпар тарту, атқа шабу
Д) Ат төбеліндей, азын-аулақ
Е) Тұңғыш, орташа.
21. Шығыс жалғауында тұрған сөзді табыңыз.
А) Нағашыммен
В) Жолдасыммен
С) Газеттің
Д) Жатақханада
Е) Баспаханадан.
22. Топтау сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Қай шамалы?
В) Қаншадан? Нешеден?
С) Нешінші?
Д) Нешеу?
Е) Қанша? Неше?
23. Сөйлемнен мөлшер үстеуді белглеңіз.
Тиін онша қонақжай аң емес.
А) Онша.
В) Емес.
С) Тиін.
Д) Қонақжай
Е) Аң
24. Жайылма сөйлемді жалаңға айналдыру үшін қай сөзді алып тастауға болатынын көрсетіңіз.
Анасы Ұлжан ойлана қарап отырды.
А) Ұлжан
В) Қарап
С) Отырды
Д) Анасы
Е) Ойлана.
25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) – Бұл біздің қойшы баланың әні – деді, анам.
В) – Бұл біздің қойшы баланың әні, деді – анам.
С) – Бұл – біздің қойшы баланың әні, - деді анам.
Д) – Бұл, біздің қойшы баланың әні: деді анам.
Е) – Бұл – біздің қойшы баланың әні, деді – анам.​

278
361
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

viktoiabekkknuv
4,6(45 оценок)

Т-дауыссыз, қатаң ә-дауысты, жіңішке, ашық, езулік у-дауыссыз, үнді е-дауысты, жіңішке, ашық, езулік л-дауыссыз, үнді с-дауыссыз, қатаң і-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік з-дауыссыз, ұяң д-дауыссыз, ұяң і-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік к-дауыссыз, қатаң о-дауысты, жуан, ашық, еріндік р-дауыссыз, үнді х-дауыссыз, қатаң а-дауысты, жуан, ашық, езулік н-дауыссыз, үнді

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS