Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті тап. * А) Олар көптен бері қырғи қабақ болып,бір-бірін аңдысып жүр.
В) Аузы күйген үрлеп ішер.
С) Олар суықта қалып,тісі тісіне тимей жаурады.
Д) Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.
Е) Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.
2. Мақалға тән ерекшелікті тап. *
А) Бір ғана сөзден тұрады.
В) Құрамындағы сөздерді ауыстыруға келеді.
С) Ой тұжырымдалып, түйінді пікір түрінде айтылады.
Д) Көпшілікке үндеу мақсатында
Е) Авторы белгілі болады.
3. Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды тап. *
А) Менің сұрағаным бола қоймады.
В) Сөйлесіп тұрған бала кенеттен тоқтай қалды.
С) Өлі риза болмай,тірі байымас.
Д) Менің қазақ тілін үйренгім келеді
Е) Су айнадай тап-таза
4. Тұрақты тіркесті тіл білімінің қай саласы зерттейді? *
А) фонетика
В) семасиология
С) синтаксис
Д) морфология
Е) фразеология
5. Екпін түспейтін қосымшаны тап. *
А) Септік жалғауы
В) жіктік жалғауы
С) тәуелдік жалғауы
Д) көптік жалғауы
Е) жұрнақ
6. Қай сөзге екпін түспейді? *
А) күрделі сөз
В) көмекші сөз
С) туынды сөз
Д) туынды сөз
Е) біріккен сөз
7. Мәтелді тап. *
А) Балалы үй—базар.
В) Отан оттан да ыстық
С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле
Д) Жері байдың—елі бай
Е) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді
8. Мәтелдің белгісін тап. *
А) Эмоциялық мағына басым болады.
В) Құрылысы жағынан екі,үш бөлімді болады.
С) Ой нақты айтылады.
Д) Үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Е) Біріншісі екінші сөйлемнің шарты болады
9.Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды? *
А) барыс септік
В) жатыс септік
С) шығыс септік
Д) табыс
Е) көмектес
10. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз. *
А) шекара,ба з, баспана
В) аман-есен,асты-үсті, әрі-бері
С) Екібастұз,Алакөл, Бәйгеқұм
Д) отағасы, тасбақа, біршама
Е) ешқашан, кейбір, әлдеқайда
11. Қай тұрақты тіркес «әділ» деген мағынаны береді? *
А) Тонның ішкі бауындай
В) Ала жіпті аттамау
С) Он саусағынан бал тамған.
Д) Қара қылды қақ жарған.
Е) Мұрнынан шаншылу.
12. Антонимдес фразеологизмдерді тап. *
А) Су жүрекжүрек жұтқан
В) Мойнына су кету-- ит өлген жер
С) Көз жұмды—жүріп кетті
Д) Көзге түртсе көргісіз—тайға таңба басқандай
Е) Шашбауын көтеру—тақиясына тар келу.
13. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген? *
А) Мұрнын шүйіру—дәмелену
В) сөз беру—таң қалу
С) зығыры қайнау--өлу
Д) сілесі қату--әбден шаршау
Е) сүттей ұйыды—келіспеді
14. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркесті тап. *
А) бауыр басу—ақ саусақ
В) таяқ тастам жер—сүт қайнатым уақыт
С) екі езуі құлағында—төбесі көкке жету
Д) ит арқасы қиянда—маңдайының соры бар
Е) көз ілмеу—көз шырымын алу
15.Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды тап. *
А) қара ала
В) Бозжан
С) көзқарас
Д) саққұлақ
Е) ала қаз
2-тапсырма. Мәтінді оқып, қарапайым жоспар құрыңыз. І. ... ... ...ІІ. ... ... ...ІІІ. ... ... ... Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті. «Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. *
Мой ответ
236
316
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Jora2001Voronov29.07.2020 03:15
-
denisovch17.04.2020 16:13
-
rsr27.08.2021 15:09
-
Coul2000nator02.12.2020 14:16
-
alisakiseleva201.04.2023 11:40
-
SAIIIEK17.01.2023 07:46
-
Ильир07.09.2021 05:37
-
belayazima29.11.2021 05:46
-
nicita13254769p06wrf14.05.2021 08:06
-
кемпінг22.11.2020 06:20
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.