Есть ответ 👍

МИНУТ ОСТАЛОСЬ 7-сынып. Қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Берілген тапсырмаларды орындаңыз.
А мәтіні
А ң достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді бірі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі а ң тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы а ң бір-бірінің мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып тұр.
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. /2/
№ Тұжырым Дұрыс Бұрыс
А. Қазақстандағы тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек кездеседі.
В. Қарттар үйін паналаушылардың көбеюі, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғары болуынан
С. Халқына жаны ашымаған адамдар жемқорлыққа салынады

2. А ң достық сезімі адаммен бірге жаратылады деген тұжырым бар. Сіздің ойыңызша, достық сезімі адамның бойында туылғаннан бола ма, әлде өсе келе қалыптаса ма? 4-5 сөйлемнен жауап беріңіз.
3. /3/

Ә мәтіні
Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, бар. Екіншісі – бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады», -деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігімде де жоқ». Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйі алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», - дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып, үйден шығып, досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Екеуі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. /2/
№ Тұжырым Дұрыс Бұрыс
А. Жалғыз тұратын адамның қажеттілігі де, шығыны да аз болады.
В. Егер адамның жақын тумалары болмаса, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды
С. Достар бір-бірінің жасырын істерін біліп қойып, езулерін жия алмады.

2. Екі достың біреуімен ғана келісу қажет болса, қайсысының іс-әрекетін құптар едіңіз, 4-5 сөйлемнен жауап беріңіз.
3. /3/
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стилді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын (мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 120-150 сөз болуы тиіс.
1. Өзіңіз куә болған мерекелік шараны есіңізге түсіре отырып, «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында жаңалық жазыңыз.

2. «Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз.

137
402
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Katya124354
4,6(14 оценок)

Айдос : сəлем ерхан. ерхан: сəлем айдос.білесіңбе бүгін менің туған күнім. айдос: ия білемін.міне саған сыйлық. ерған: рахмет айдос.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS